О нас


Республикалық «Сарыарқа» велотрегі  Қазақстандағы бірегей ерекше жобамен салынған объектінің бірі. Аталған көп функциялы спорт кешені әлемдегі ең жақсы спорт кешендерінің бірі ретінде танылған. Велосипедшінің дулығасы түрінде салынған кешен өзінің  пішініменде ерекше назар аударады.

Спорт кешенін «Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМКК) басқарып, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның астанасы – Астана қаласындағы велотрек Есіл өзенінің сол жағалауында, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының арасында орналасқан спорт кластерінің аумағында орналасқан. Велотректің трибуналарында бұқаралық, спорттық іс-шаралардың көрермендеріне  арналған 9195 орындық бар.

Спорт кешені екі функционалды   велотрек және мұз айдыны нысандарынан тұрады. Велотректің жалпы ауданы 45 мың шаршы метрдей, мұз аренасы – 4,2 мың шаршы метр.  

Республикалық «Сарыарқа» велотрегінің техникалық жабдықталуы халықаралық стандарттарға сай. Төрешілік, хронометраж, ақпараттық табло, фотофиниш камералары, келушілер мен персоналдың қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылаудың, тірек құрылымдарының жағдайын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылған. Бұл өте заманауи аренада тұрақты түрде Әлем, Қазақстан Республикасының чемпионаттары, Азия ойындары,  халықаралық жарыстар өтеді. Тректегі сайыстарда кәптеген рекордтар қойылды.

Спорткешенінің тағы бір ерекшелігі - веложарыстарға арналған трек, оның ұзындығы 250 метр, ені 7 метр, бұрылыстарда еңісі 42 градус, түзу учаскелерде 12,5 градус және веложолдағы қозғалыс сағат тіліне қарсы.

Бұқаралық спортты дамытатын орталықтардың бірі болып табылатын «Сарыарқа» велотрегі  тек велоспортқа ғана емес, конькимен жүгіру, шорт-трек, хоккей (2 корты бар), керлинг және мәнерлеп сырғанау үшін де арналған. Ғимараттың әмбебаптығы оның аренасының функционалдығын тез өзгертуге мүмкіндік береді. Іс-шараның ерекшелігіне қарай тректің ортасындағы алаң жеңіл өзгертіліп жабдықталады, ондағы арена бокс рингі, дзюдо татами, гимнастикалық кілем, баскетбол, волейбол немесе концерттік алаңдар сияқты спорттық жарыстардың, мәдени іс-шаралардың, жиындардың негізгі орны ретінде қызмет етеді.

Дамыған инфрақұрылымның арқасында аталған спорт кешенінің қызметтері әлемдік деңгейдегі спортшылар үшін де, спорт әуесқойлары үшін де, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолжетімді.

«Сарыарқа» велотрегінің күмбезі астында орналасқан:

  • Трек
  • Мұз айдыны
  • Фитнес орталығы
  • Бокс залы
  • Таэквондо және жекпе-жек залдары
  • Гимнастика және ойын залдары
  • Шағын футбол алаңдары
  • Қонақ үй және мейрамхана кешендері
  • Конференц-залдар
  • Кеңсе кеңістігі.

Сондай-ақ кешен құрамына велосипед орталығы, оқу-жаттығу кешені, велосипед жөндеу шеберханасы және т.б. кіреді.

Спорт кешенінде әуесқойлар арасында өте танымал спорт секциялары жұмыс істейді, олар:

  • велосипед тебу,
  • таэквондо,
  • мәнерлеп сырғанау,
  • каратэ,
  • жүзу,
  • хоккей,
  • жүгіру велосипеді,
  • дзюдо.

Әртүрлі жастағы ересектер мен балаларға арналған секцияларда тәжірибелі нұсқаушылар – спорт шеберлері мен спорткандидаттары жеке бағдарламалар ұсынады.

Мұз аренасы

Мұз айдынының нысаны мұзда спорттық жарыстарды өткізу үшін әзірленген халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес қатаң түрде жасалған. Мұз айдыны шорт-тректен жаттығу процесінде, шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудан чемпионаттар мен спорттық жарыстарды өткізуге плацдарм ретінде де қызмет атқарады.

Мұз айдынының ғимараты әмбебап болып табылады, онда тағы 2 автономды жаттығу залдары бар. Бұл нысан мұз технологиялары саласындағы заманауи әзірлемелерді пайдаланады, ол тиісті техникалық құралдармен, соның ішінде қашықтан басқару және бақылау жүйесімен, бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған.

Жалпы ауданы 600 шаршы метрден асады, трибуналардағы орын саны 350.

Фитнес орталығы

«Сарыарқа» велотрегіндегі фитнес орталығының қызметі Астана тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл фитнес-орталығының жетістігінің сыры клубтың әрбір мүшесіне жеке көзқарасында, жоғары кәсіби деңгейде қызмет көрсетуінде.

Фитнес-орталық үлкен аумақта - 3135 шаршы метрде, орналасқан. Оның қызмет спектрі ауқымында спорт залдары, бассейндер, 3 типті сауналар бар.

Жаттығу залдары  жоғары сапалы спорттық құрал-жабдықтарды өндіруде әлемдік көшбасшылардың толық жиынтығымен жабдықталған және 1344 шаршы метр аумақта орналасқан.

 Жаттығу залдары  әртүрлі жабдықтар орналасқан бірнеше аймаққа бөлінген. Еркін салмақ аймағында бірнеше түрлі тренажерлардың және қуатты тренажерлардың болуы фигураның проблемалық аймақтарына ерекше назар аудара отырып, барлық бұлшықет топтарына белсенді әсер етуге мүмкіндік береді. Кардио аймағына жүгіру жолдары, эллиптикалар, велосипедтер және т.б.құралдар кіреді. Кардиозоналық тренажерлар жүрегіңізді жаттықтыруға, әл-ауқатыңызды және денсаулығыңызды жақсартуға, салмақ тастауға, спорттық келбетті сақтауға, сымбатты да әдемі болуға мүмкіндік береді.

Жеке және топтық сабақтар жүргізетін фитнес нұсқаушылары  дене шынықтыру саласының мамандары және кандидаттар мен спорт шеберлері.

Фитнес-орталықтың бассейндері заманауи тазалау жүйесімен және тәулік бойы суды сүзу жүйесімен жабдықталған. Ересектерге арналған 6 жолақты бассейннің ұзындығы 25 м., ені 17 м., судың температурасы 26,5-27,5 градус, тереңдігі 2 м. Бала жүзушілерге арналған бассейннің ұзындығы 13 м., ені 6 м., тереңдігі 1 м., ал судың температурасы 30-31С.

Бассейндерде қажеттінің бәрі бар: киім ауыстыратын бөлмелер, гардеробтар, душ кабиналары, сүлгілер. Қызмет спектрі сауналардың бірнеше түрін қамтиды: фин, хаммам және дымқыл бу саунасы.

Фитнес орталығында ересектер мен балаларға арналған жеке немесе топтық жүзу секциялары бар. Секцияда суда негізгі қозғалыстарды үйрету, жүзу техникасын жетілдіру қарастырылған. Жаңадан бастаушылар үшін тәжірибелі жүзу нұсқаушылары құрастырған жеке бағдарламалар ұсынылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың бассейнге кіруі үшін пандус пен лифт бар.

Жекпе-жек, таэквондо залдары

Велотректің нөлдік және бірінші қабаттарындағы залдар жекпе-жек және таэквондо  жаттығу процестеріне арналған, олардың ауданы 665 ш. м және 465 ш. м. Спорт залдарының инфрақұрылымы кәсіби татами төсеніштерімен, бокс сөмкелерімен, қорғаныс дулығаларымен, бокс рингімен, соққыға арналған қаптармен және т.б. құралдармен жабдықталған.

Ойын бөлмесі

Ойын залы футзал, баскетбол және волейбол бойынша әуесқойлар турнирлері мен оқу-жаттығу процестеріне арналған. Зал ойыншылардың қауіпсіздігі үшін жұмсақ қабырғалармен жабдықталған және резеңке жабынмен қапталған. Бұл залда 7 жастан асқан балаларға арналған шағын футбол бөлімі бар. Зал ғимараттың бірінші қабатында орналасқан және оның жалпы ауданы 695 шаршы метрді, ал ойын бөлігі - 411 ш. метрді құрайды.

Гимнастика залы

Залдың жалпы ауданы 721 шаршы метрден асады, жаттығуға арналған алаңның ауданы 410,4 ш.м. Гимнастика залы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған: штангалар, бөренелер, гимнастикалық аттар, төсеніштер, көпірлер және т.б. «қону аймағы» деп аталатын арнайы жабықтар орнатылған.

Ашық футбол алаңдары

Қала тұрғындарының белсенді демалысы үшін велотрек аумағында екі ашық шағын футбол алаңы бар. Бір алаңның жалпы көлемі 20м х 40м, ойын алаңының ауданы 16мх36м. Футбол алаңдары жасанды жабынмен, футбол қақпаларымен жабдықталған және жылы мезгілде - сәуірден қазанға дейін, жұмыс істейді:.

Конференц залы

Ауданы 297 шаршы метрлік, 204 орындығы бар велотректегі мәжіліс залы ресми баспасөз конференцияларына, брифингтерге және ресми кездесулерге арналған. Онда осындай іс-шараларға арналған тиісті техникалық жабдықтар бар.

Қонақ үй

 Спорт кешенінде 50 бөлмесі бар және 100-ден астам адамды қабылдай алатын қонақ үй бар, оның ауданы 2446,4 ш.м. Қонақ үй спортшыларға, жаттықтырушылар құрамына, ресми өкілдіктердің делегацияларына және спорттық және мәдени іс-шараларға қатысушыларға арналған.

Мейрамхана кешені

Елорда тұрғындары мен қонақтары велотрек мейрамханасында тамақтана алады. Мейрамхана кәсіби құрал-жабдықтармен жабдықталған және қонақтар мен қызметкерлерге күрделі түскі ас, фуршет тағамдарды әзірленеді. Спортшылар үшін мейрамханада тамақ арнайы мәзір бойынша дайындалады.