Правила посещения

Правила посещения

«Сарыарқа» мұз айдынында келушілердің, жанкүйерлердің және өзге де тұлғалардың жүріс-тұрыс ережелері

1. Жалпы ережелер

1.1. Мұз айдынының қызметтері өтеулі негізде (бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес) топтық және/немесе жеке жаттығуларға бір рет қатысу арқылы немесе Мұз айдынының Әкімшілігі мен Келуші арасында шарт жасасу жолымен ұсынылады.

1.2. Мұз айдынының Әкімшілігі маусым бойы жұмыс сағаттарын өзгертуге құқылы.

1.3. Мұз айдынының Әкімшілігі өз аумағында музыкалық сүйемелдеуді таңдау құқығын өзіне қалдырады. Егер жалпы музыкалық сүйемелдеу Сізге кедергі келтіретін болса, өзіңізбен бірге құлаққап алып келіп, қажет болған жағдайда пайдалануға құқылысыз.

1.4. Үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін Келуші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес жауап береді.

1.5. Мұз айдынына тиесілі мүлікке Келушінің кінәсінен зиян келтіріліп, бүлінген жағайда ол материалдық жауапкершілікке тартылады. Мұз айдынының жоғалған, бүлінген және залал келтірілген мүлкі үшін Келуші жоғалған/бүлінген мүліктің құны мөлшерінде материалдық залалды өтеуге міндетті.

1.6. Мұз айдынының Әкімшілігі Мұз айдыны аумағында және ғимаратта қауіпсіздік және жайлылық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ басқа да Келушілердің құқықтары мен мүдделерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негізі бар тұлғаға қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

1.7. Қараусыз қалдырылған бағалы заттар және ақша үшін Мұз айдынының Әкімшілігі жауап бермейді.

2. Мұз айдынына карантин кезеңінде келу

Карантин кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында:

  • әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау;
  • Мұз айдынына қорғаныш бетперделерімен кіру және термометриядан өту;
  • жеке гигиенаны сақтау (қолды санитайзермен және жеке гигиена құралдарымен өңдеу);
  • тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері кезінде Мұз айдынына кіруге тыйым салынады.

Мұз айдыны Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес жұмыс кестесіне өзгерістер енгізуге құқылы.

3. Мұз айдынына келу тәртібі

3.1. 12 жасқа дейінгі балалар жаттығу процестеріне қатысу кезінде тек ересек адамдардың алып жүруімен ғана кіргізіледі, ол кісілер балалардың жүріп-тұруына және олардың Мұз айдынына келу ережелерін сақтап жүруіне жауапты. Жаттығу кезінде еріп келген адамдар баланы күту залында күтуі қажет. Жаттығу кезінде баланың өмірі мен денсаулығына жаттықтырушы жауапты.

4. Мұз айдынында Келушілердің құқықтары

4.1. Спорттық іс-шаралар (жарыстар) кезінде Мұз айдынының вестибюлінде, арнайы жабдықталған киім ілетін бөлмелерде және көрермендерге арналған орындарда болу.

4.2.   Өзіңізбен бірге коньки (хоккей, мәнерлеп сырғаудан), қорғаныс әкелуіңіз қажет.

4.3. Белгіленген тәртіппен Мұз айдыны аумағында орналасқан дәретхананы, киім ілгішті пайдалану.

4.4. Туындаған мәселелер бойынша және қажетті ақпаратты алу үшін Мұз айдынының қызметкерлеріне хабарласу.

5. Мұз айдынына Келушілердің міндеттері

5.1. Конькиді тек Мұз айдынының арнайы жабдықталған киім ілетін бөлмелерінде ауыстыру және кию (шешу).

5.2. Мұз айдынына қатаң түрде қолғаппен (тоқылған, былғары, жүн) шығу.

5.3. Қоғамдық тәртіпті және жалпы қабылданған әдеп нормаларын қатаң сақтау.

5.4. Айналасындағыларға қауіп төндіретін және төтенше жағдайдың туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол бермеу.

5.5. Спорттық іс-шара (жарыстар) өткізілген жағдайда жарыстарға, ойын-сауық немесе өзге де іс-шараларға қатысушыларға, төрешілерге, жаттықтырушыларға, көрермендерге және Мұз айдынының қызмет көрсететін персоналына қатысты өзін құрметпен ұстау, сондай-ақ айналасындағыларға қоғамдық қауіп төндіретін іс-әрекеттерге жол бермеу қажет.

5.6. Мұз айдыны аумағындағы жабдықтарға және мүлікке ұқыпты қарау, Мұз айдыны аумағында санитарлық, эпидемияға қарсы, өрт және экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

5.7. Мұз айдынынан шығу кезінде ұйымшылдық таныту, жарыстар немесе өзге де іс-шаралар аяқталғаннан кейін бөгде заттарды қалдырмай, мінбелер мен шығуларды уақтылы босату.

5.8. Күзет қызметкерлерінің, Әкімшіліктің және Мұз айдыны аумағында құқық тәртібін сақтауға жауапты адамдардың ескертулері мен талаптарына бағынуға міндетті.

5.9.Ұмытылған кеткен немесе жоғалған мүлікті (киім, ақша және басқа заттар) тапқан жағдайда, жеке меншігі болып табылмайтын заттары Мұз айдынының қызметкеріне тапсыру.

5.10. Өртті немесе жануды, азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін күдікті заттарды тапқан жағдайда, тез арада Әкімшіліктің өкіліне, күзет қызметіне хабарлау және олардың нұсқауларына сәйкес әрекет ету.

6. Мұз айдынына Келушілерге төмендегідей тыйым салынады:

6.1. Мұзға сырғанауға арналмаған аяқ киіммен шығуға, мұзға кез-келген затты қоюға (спорттық жабдықтардан басқа);

6.2. Конькимен мұз алаңынан тыс және Мұз айдынының арнайы жабдықталған киім ілетін орындарынан өтуге;

6.3. Борттарға отыруға немесе сүйенуге, іліну, соққы беру арқылы немесе басқа жолмен зақымдауға;

6.4. Мұзды конькимен немесе басқа заттармен бұрғылауға немесе жинауға, сұйықтық құйып, кез-келген затты құюға;

6.5. Мұзға және оның айналасындағы кеңістікке, сондай-ақ көрермендерге, жаттықтырушыларға, төрешілерге, клуб өкілдеріне, жарысқа қатысушыларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, жарысты ұйымдастырушының ресми тұлғаларына мақсатты түрде заттарды лақтыруға, іс-шараны өткізуге кедергі келтіретін өзге де іс-әрекеттерді жасауға;

6.6. Жаттығулар, жарыстар және өзге де іс-шаралар кезінде мұзда, сондай-ақ спортшылардың, төрешілердің киім ілетін бөлмелерінде, қызметтік, қосалқы және өзге де орынжайларда Әкімшіліктің рұқсатынсыз болуға;

6.7. Мұз алаңында қауіпті жағдайларды жасауға (шайбамен лақтыруды орындау, хоккей ойнау);

6.8.  Мұз айдынында тамақ ішуге және кез-келген сусындарды, спирттік ішімдіктерді ішуге;

6.9.   Мұз айдынының орынжайларында темекі шегуге (соның ішінде электрондық);

6.10. Мұз айдынының ғимаратына жануарларды алып келуге;

6.11. Мұзды жинау, тазалау, арнайы машинамен құю кезінде мұзда  болуға;

6.12. Күшті әсер ететін (анаболикалық, стероидты), алкогольдік, есірткілік, уытты, психотроптық заттарды сақтауға, таратуға және тұтынуға, сондай-ақ Мұз айдыны аумағында және ғимаратында жарылғыш заттарды, қару және оқ-дәрілерді алып өтуге, сақтауға және таратуға;

6.13. Өткір-шанышқылы және өткір-кескіш заттарды әкеліп, қалтасына қалдыруға;

6.14. Мұз айдынына алкоголь, есірткі және басқа да мас күйінде баруға;

6.15. Мұз айдыны қызметкерлері мен Келушілерге құрмет көрсетпеуге;

6.16. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты, қатыгездікке табынуды, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлайтын өзге де іс-әрекеттерді қоздыратын айғақтарға жол беруге;

6.17. Жұмыс уақытынан тыс, сондай-ақ жаттығу және спорттық іс-шаралар аяқталғаннан кейін Мұз айдыны Әкімшілігінің тиісті рұқсатынсыз Мұз айдынының аумағында болуға;

6.18. Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыруға;

6.19. Автокөлік құралдарын арналмаған орындарда қалдыруға;

6.20. Мұз айдынының мүлкіне зиян келтіруі мүмкін немесе Келушілердің денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасауға;

6.21. Мұз айдыны Әкімшілігінің келісімінсіз тауарларды таратуға, жарнамалық акциялар өткізуге, кез-келген коммерциялық қызметті жүргізуге.

7. Қорытынды ережелер

7.1 Мұз айдынының Әкімшілігі күмән тудыратын немесе Мұз айдынының Ережелерін бірнеше рет бұзған тұлғаға қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

7.2. Мұз айдынының Әкімшілігі және күзеті осы Ережелердің талаптарын бұзатын азаматтарды Мұз айдынының аумағынан кез-келген уақытта төленген қызмет үшін ақшалай қаражатты қайтармай шығарып жіберу құқығын өзіне қалдырады.

7.3. Мұз айдынының Әкімшілігі осы Ережелерге қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.

«САРЫАРҚА» МҰЗ АЙДЫНЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ СІЗДІҢ ЖАҚСЫ ДЕМ АЛУЫҢЫЗДЫ ТІЛЕЙДІ!