«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі-Кәсіпорын) Сізге 2018 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жолдайды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының 2017 жылғы 08 желтоқсанда №148 бекіткен 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес Кәсіпорын 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.

Жоспардың 11-тармағына сәйкес Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары әзірленіп, бекітілді.

Жоспардың 2-тармағын орындауда Кәсіпорында 2017 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Кәсіпорынның www.velotrek.kz интернет – ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» атты арнайы бөлім бар, онда: 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары, Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары және 2017 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері (талдамалық анықтама) орналастырылған.

Жоспардың 21-тармағына сәйкес Кәсіпорынның интернет-ресурсындағы «сатып алу» бөлімінде Кәсіпорынның 2018 жылға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылған, сондай-ақ Кәсіпорын жүзеге асыратын барлық мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділік беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталына сілтеме көрсетілген.

2018 жылғы 4 сәуірде Кәсіпорында сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы және алдын алу мақсатында қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет стандарттарын қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті.

Сонымен қатар, Кәсіпорын ғимаратында азаматтар мен қызметкерлердің шағымдары мен арыздары үшiн арнаулы жәшiк көрнекі орынға орнатылған, оны директордың бұйрығымен құрылған комиссия ай сайын ашып тексереді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ақпарат орналастырылатын бұрыштар қарастырылған.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында Кәсіпорын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп көше медиафасадында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнеролик көрсетілімін ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Жоспардың 5-тармағын орындауда ағымдағы жылғы 26 маусымда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыру мақсатында Кәсіпорынмен «Сарыарқа» республикалық велотрегінің қабырғасында «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш.Қожахметовтың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы О.Е.Мұсағалидың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды.

Жоспардың 7-тармағын орындауда «Қазақ спорты» газетінің 2018 жылғы 26 маусымдағы №25 (5103) басылымында «Жемқорлыққа қарсы күрес- әр азаматтың міндеті» атты тақырыпта С.Ж. Абдрахмановтың дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мақала жарияланды.