"Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

"Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Қоғамдық қатынастар салаларының атауы: дене шынықтыру және спорт.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі: «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі - Кәсіпорын).

3. Кәсіпорында қызмет ететін қызметкерлердің мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері.

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қызметкерлер өзінің қызметі барысында міндетті:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандығы мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шеңберінде қарастыру, олар бойынша қажетті шараларды қабылдау;

2) функционалдық міндеттерді орындау барысында нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген құжаттарды сұратуға жол бермеу, сондай-ақ қағазбастылықты (төрешілдікті) болдырмау;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешім қабылдауда айқындықты қамтамсыз ету;

4) жеке басына қатысты мәселелерді шешу кезінде жеке және заңды тұлғаларға ықпал ету үшін қызметтік жағдайды пайдаланбау;

5) қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өз кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;

6) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алдын алу мақсатында таратылуы тиіс емес қызметтік және басқа да ақпараттарды пайдаланбау;

7) шын мәнінде жоқ ақпараттарды таратпау.

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

1) функцияларды өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;

2) мүдделер қайшылығын болдырмауға, болған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдауға;

3) мемлекеттік қызметкердің құзыретіне кіретін заңды міндеттерді орындаумен байланысты шешімдерді қабылдау барысында үшінші жақтардан (көрсетілетін қызметті алушылардан) материалдық құндылықтарды, қызметтерді және басқа да ерекше жеңілдіктерді қабылдамауға;

4) өкілеттілігін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Конституцияның, заңдардың, өзге де заңнамалық құжаттардың талаптарын басшылыққа алуға тиіс.

3.3. Бағынышты қызметкерлермен қарым-қатынастағы басшыларға ұсынылады:

- өзінің мінез-құлқының турашылдығымен, әділдігімен, адал ниеттілігімен, адалдығымен, тұрақтылығымен үлгі көрсету;

- кадр мәселелерін шешу кезінде, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жаза шараларын қолдану кезінде әділдік және объективтілік таныту;

- қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

- құқыққа қарсы іс-әрекеттерді, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сыйыспайтын әрекеттер жасауға мәжбүрлемеу.

3.4. Басшыларымен қарым-қатынастағы бағыныштыларға ұсынылады:

- тапсырмаларды орындау кезінде тек объективті және дәйекті мәліметтерді ұсыну, басқа да қызметкерлер, контрагенттер немесе өзге де тұлғалар әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық туралы өздеріне мәлім болған жағдайда басшылықты дереу хабардар ету;

- басшылыққа қатысты жеке басына берілгендік, олардың лауазымдық мүмкіндіктер есебінен пайда мен артықшылық алуға ұмтылу көріністеріне жол бермеу.

3.5. Тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қатынастар кезінде ескерілуі тиіс:

1) қоғамдық қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтау;

2) жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қолдау;

3) еңбек тәртібін және қызметтік этикетті сақтау;

4) кәсіпорын мүддесіне зиян келтіретін немесе мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі жасайтын немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

5) заңда тәртіптік, әкімшілік жауапкершіліктер көзделген қылықтарға және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

6) жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;

8) дене шынықтыру және спорт қызметі саласында мемлекет мүддесіне зиян келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұру.