Жиі қойылатын сұрақтардың жауабы

1. Сұрақ: «Сарыарқа» фитнес орталығының жұмыс уақыты?

Жауап: Фитнес орталықтың жұмыс уақыты 7:00-ден 23:00-ге дейін. Демалыс күні дүйсенбі.

2. Сұрақ: Балалар спорттық секцияларға неше жастан бастап қабылданады?

Жауап: Балалар велоспортқа 16 жастан, жүзуге 7 жастан, таеквондоға 6 жастан, футболға 7 жастан, мәнерлеп сырғанауға 4 жастан бастап қабылданады.

3. Сұрақ: Фитнес орталығының абонементін сатып алу барысында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қандай жеңілдіктер көрсетілген?

Жауап: I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға фитнес орталығына келу тегін.

50 пайыз жеңілдігі бар абонементтік картаны сатып алуға құқылы:

- барлық пакет түрлерін зейнеткерлер;

- ата-ананың келісімімен 14 жастан бастап балалар;

- студенттер (іштей оқу бөлімі, бакалавр, 23 жасқа дейін);

- Bronze және Silver абонементтік карталарын шет ел студенттері;

- 7-14 жастағы балалар үшін абонементі бар ересектермен бірге бір реттік кіру.

Абонементтік картасы бар бір ересек адаммен бірге 7 жасқа дейінгі екі балаға кіру тегін.

Фитнес орталығындағы жеңілдіктер тек тиісті растайтын құжаттар болған жағдайда ғана беріледі (жеке куәлік, зейнеткерлік куәлік, туу туралы куәлік, мектептен берілетін анықтама, студенттік билет және т.б.). Жеңілдігі бар абонементтер атаулы болып табылады, сондықтан ол үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс.

4. Сұрақ: Баланы спорттық секцияларға қалай жазуға болады?

Жауап: Ақпаратты 8 (7172) 707- 152 нөмірі арқылы біле аласыз.

5. Сұрақ: Фитнес орталығында қандай абонементтердің түрлері бар және оның бағасы қанша?

Жауап: Фитнес орталығының абонементтері мен оның бағасы «Фитнес» - «Бағатізбе» бөлімінде көрсетілген.

6. Сұрақ: «Сарыарқа» фитнес орталығына бір реттік келу құны қанша тұрады?

Жауап: Ересектер үшін бір реттік келу құны 4000 теңге. Оған тек 15:30-ға дейін кіре аласыз.