Қонақ үй туралы

«Сарыарқа» қонақ үйі сіздерді қарсы алуға әрдайым қуанышты!

Заманауи дизайн, жайлы орын және қызмет көрсетушілер тарапынан зор ықылас пен ілтипаттың барлығы меймандарымыздың жақсы демалуы үшін жасалады. Біздің қонақ үй кешені спортшылар мен ресми іс-сапармен келген қоғам қайраткерлерін, әртістер мен өзге де азаматтарды қарсы алуға қуанышты.

Сондай-ақ, «Сарыарқа» қонақ үйінде жаттығу процессінен тыс, жаттығу залында, бассейн және сауна сауықтыру орталығында уақытты тиімді өткізу үшін мүмкіндік қарастырылған.

Біз 108-ге жуық мейманды қабылдай алатын заманауи әрі жайлы 50 нөмірді ұсынамыз.

Соның ішінде:

  • екі орынды (42 нөмір);

  • үш орынды (8 нөмір).

Қонақ үйде:

  • теледидар;

  • тоңазытқыш;

  • желдеткіш;

  • сейф;

  • Wi-fi интернет желісі.

Сондай-ақ, аталмыш ғимаратта түрлі жиын мен кездесулерді өткізу үшін 40 адамға арналған 2 конференция залы бар.

«Сарыарқа» қонақ үйі сізді тұрақты меймандардың қатарынан көруге әрдайым қуанышты болмақ!

Мекен-жайымыз: Қазақстан, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай Батыр даңғылы, 45а ғимарат (Оңтүстік кіреберіс), пошта индексі 010000.

Байланыс телефоны:+7 (7172) 707 147 (ресепшен).