Мұз айдыны туралы


Мұз айдыны «Сарыарқа» велотрегі арқылы өтетін жерастымен біріктірілген. Мұз аренасы халықаралық стандарттарға және нормаларға сәйкес орындалған әрі спорт жарыстарын өткізу үшін әзірленген.

Ол барлық қажетті қосымша ғимараттармен жабдықталған. Тек жаттығуларда қолданылып қана қоймай, жаппай пайдаланылуға беріледі.

4188 шаршы метр алаңында 350 орындық, 2 жаттығу залы, кеңсе орындары баршылық.

Қазіргі таңда мұз айдынында шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасы жаттығып, дайындығын пысықтайды. Мұзда сырғанау техникасын жетілдіргісі келетін әрбір жанға мәнерлеп сырғанаудан секция ашылды.

Мекен-жайымызАстана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 45 А.

Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 71 91, +7 (778) 555 72 86.