Баскетбол бойынша Ұлттық Лиганың жартылай финалы

06.04.2018

4 сәуірде ерлер арасындағы Ұлттық лиганың жартылай финалдық додасында бірінші ойын өтіп, елорда клубы мен Ақтаудың «Каспий» командасы кездесті.

Есепті алаң иелері ашты. Қонақтар да қарап қалмай, әрбір шабуылдарын сәтті аяқтап, қоржындарына ұпай салып отырды. Әйтсе де, бірінші кезеңнің ортасына қарай елорда командасы +10 ұпай айырмасымен қара үзіп кетті. Әрі бұл басымдықтарын ойынның алғашқы кезеңі аяқталғанша сақтап қалды (34:21). Екінші кезең де астаналықтардың үстемдігімен өтті. «Астана» әрбір шабуыл, әрбір соққы сайын ұпай айырмасын ұлғайта берді. Мұны екінші кезеңнен кейінгі ойын нәтижесінен де байқауға болады – 60:34. Үшінші кезеңде қонақтар тайталасып бақты. Бірақ, алаң иелері олардың шабуларына мүмкіндік бере қоймады. Соңғы кезеңде Михаила Карпенконың командасы ойын тізгінін өз қолдарында ұстап, үстемдік танытты. Матч 104:60 есебімен аяқталып, «Астана» жартылай финалдық додада алға шығып, 1 ұпай олжалады.

Ойынның ең үздік ойыншысы Леонидас Каселакис болды, оның еншісінде – 17 ұпай. Ал Рустам Мырзағалиев 14 ұпай еншіледі.5 сәуірде ерлер арасындағы Ұлттық лиганың жартылай финалдық додасында елорда клубы мен Ақтаудың «Каспий» командасы екінші ойындарын өткізді.Ойын тартысты өтті деп айта алмаймыз. Кешегі матчтағыдай, алаң иелері Ақтаудан келген қонақтарын қиналмай ұтты. Есеп – 92:67.  Бірінші онминуттықта-ақ «Астана» 30-дан астап ұпай еншіледі, ал «Каспий» – небәрі 8. Бұдан кейінгі кезеңдерде астаналықтыр қарқындарын бәсеңдеткендерімен, ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ.Матчтың ең үздік ойыншысы Александр Жигулин болды, оның еншісінде – 21 ұпай. Ал Рустам Мырзағалиев пен Вадим Щербак команда қоржынына 14 ұпайдан салды. Жартылай финалдық додадағы үшініші ойын 12 сәуір күні Ақтауда өтеді.

Ақпарат көзі:pbcastana.kz

Бөлісу: