1 сәуірде «Ахмат жекпе-жектен әлем чемпионаты» өтеді

29.03.2017

1 сәуірде Астана велотрегінде Қазақстанда аралас жекпе-жектен WFCA 35 Terrible Battle халықаралық турнирі өтеді. Бұл «World Fighting Championship Akhmat» промоутерлік компаниясының сырт алаңда екінші турнирі. Біріншісі жиырма бесінші ақпанда Мәскеуде, Крылатскоедағы «Динамо» спорт сарайында өтті.

Жекпе-жек кеші аясында он екі жекпе-жек жоспарланған. Турнир ұйымның қазіргі жеңіл салмақтағы чемпионы Хусейн Халиев (Грозный, БК Ахмат) мен бразилиялық Валмир Лазаро арасындағы рейтингтік жекпе-жекке ұласады. Сондай-ақ, «Ахмат» белбеуінің тағы бір иегері, жеңіл салмақтағы чемпион Саид Нурмагомедов та Астана жұртшылығы алдында өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, көрермендер Василий Тахтай, Диас Ерінғайыпов, Руслан Серікпулов, Гойти Дазаев, Фанил Рафиков және т.б. жергілікті жауынгерлердің қатысуымен өтетін жекпе-жектерді тамашалайды.

Осы іс-шара арқылы WFCA лигасы өзін бүкіл Орталық Азияға және атап айтқанда Қазақстанға танымал етуді жоспарлап отыр.

Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 45А, Республикалық велотрек

Өткізілетін күні: 1 сәуір Уақыты: 18:00 сағ.

Кіру: 3300 теңгеден

Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады

Бөлісу: