1 орын ! Сарымсақ!!!

15.01.2018

Сарымсақ-бұл табиғи антибиотик. Ол организмді саңырауқұлақтық аурулардан, вирустардан және бактериялардан қорғайды. Сарымсақ тұмау кезінде көмектеседі, сонымен қатар, организм әлсіз болған кезде, оны нығайтуға көмектеседі. Ол тез емдейді және аурулардың алдын алады.Сарымсақтың құрамындағы антибиотикалық заттар,аллицин мен галлицин,  стафилококк және басқа да қауіпті бактериялармен күресе алады. Ғалымдардың айтуынша, сарымсақ инфекциялық және өкпе ауруларының, ревматизмнің, қысымның және қатерлі ісіктің алдын алады. Бірақ, оны шикі күйде жеу керек. Сондықтан, сарымсақ-әлемдегі ең пайдалы тағам!

Бөлісу: