24 мамыр 2018 ж IX-жаздық тректегі веложарыс Спартакиадасы басталады

23.05.2018

IX-жаздық Спартакиада аясында 24-27 мамыр күндері аралығында тректегі велосипед спортыныан ҚР колледж студенттері мен мектеп оқушыларынан арасында жарыс өтеді.

Жарыстардың  өткізілу күні мен уақыты:

2018 жылғы 24 мамыр.- 15.00-18.00 сағ

2018 жылғы  25 мамыр - 09.00-16.00 сағ

2018 жылғы 26 мамыр - 09.000-18.00 сағ

2018 жылғы 27 мамыр  – 09.00-13.00 сағ

Естеріңізге сала кетсек, тректегі жарыстар немесе велотрек жарыстары дегеніміз- арнайы велотрек немесе велодромдарда өтетін велопорт түрі. Велотректер ұзындығы 133 м-ден 500  м-ге дейінгі сопақша формалы, еңі 5 м-ден 8 м-ге дейін,  түзу аумақтардағы көлбеуі -12,5 градус, вираждарда- 51 градусқа дейін (олимпиадалық стандарт -250 м) болып келеді. Тректегі жарыстар 19 ғасырды соңында пайда болды, алғашқы Әлем Чемпионаты 1893 жылы өтті.

Тректегі жарыстар 1912 жылдан басқа, барлық Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірді. Жарыс нәтижелері секундтың мыңыншы үлесіне дейін нақты дәлдікпен жазылады. Спортшылар тректерге  арналған арнайы жақсы аэродинамикалық қасиеттерге ие велосипеттерде жарысады. Бұл параметрлер барлық жеке қасиеттерімен қоса жарыс лидерлеріне максималды маңыздылыққа ие болуына септігін тигізеді.

Қолдау көрсетушілер ретінде жарысты кез келген адам тамашалай алады!

Өткізіілетін орны: Астана қаласы, «Сарыарқа» велотрек спорт кешені

Б

аспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: