26 сәуірде Республикалық «Сарыарқа» велотрегінің аренасында «Astana Arlans» пен «Baku Fires» арасындағы бірінші жартылай финалдық жекпе-жек өтті.

28.04.2014

Қазақстандық «Astana Arlans» бокс клубы Астанада WSB маусымының бірінші жартылай финалдық кездесуінде әзірбайжандық «Baku Fires» командасын жеңді - 3:2.

Теміртас Жүсіпов (49 келі) Хамза Наметовты – 3:0 (49:46, 49:46, 50:45), Мәди Шулақов (56 келі) Ғайрбек Гермахановты 1:2 (46:49, 47: 48 , 49:46), Асхат Уәлиханов (64 келі) Ғайбатулла Гаджалиевтен ұтылды - 1:2 (50:45, 46:49, 47:48), Сергей Деревянченко (75 келі) Солтан Мигитиновты техникалық нокаутпен тоқтатты, ал Василий 91 келідегі Левит Абдулқадир Абдуллаевты 3:0 (49:46, 50:45, 50:45) жеңіп, қазақстандықтарға жеңіс әкелді.

Әзірбайжандағы жауапты кездесу 3 мамырда өтеді.

Назарларыңызға жартылай финалдық кездесуден фоторепортаж ұсынамыз.


Бөлісу: