8 желтоқсанда «ICE STARS мәнерлеп сырғанау мектебі» ашық чемпионаты басталады

06.12.2017

2017 жылғы 8-11 желтоқсан аралығында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының конькимен сырғанау алаңында 9-14 жас аралығындағы балалар мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді. Жас спортшылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Түркиядан мәнерлеп сырғанаумен айналысатын СДЮШОР мен жасөспірімдер спорт мектебінен жиналады.

Жарыстар Қазақстан Республикасында мәнерлеп сырғанауды танымал ету және дамыту және ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Бұл жарыстың ұйымдастырушылары «ICE STARS мәнерлеп сырғанау мектебі» ЖШС және велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Жарысты тікелей өткізу ережеге сәйкес ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар алқасына жүктеледі.

Мәнерлеп сырғанаудан чемпионаттың жеңімпаздары мен барлық конькишілері медальдармен және тиісті дәрежедегі сертификаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Турнирге жанкүйер ретінде кез келген адам қатыса алады.

Орны мен уақыты:

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 45 А, мұз айдыны.

Тіркеу комиссиясы және қатысушылар үшін жеребе тарту: 8 желтоқсан сағат 17.00.

Жарыс уақыты: 9-10 желтоқсан 08.00-ден 20.30-ға дейін.

Велоспорт орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: