9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні!

09.05.2021

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.

Ардақты ардагерлеріміздің ерліктеріңің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Сіздерге ұрпақтарыңыз атынан шексіз алғыс білдіреміз.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

Бөлісу: