Дана Ахметтің қазасына кайғырамыз, біз оны ұмытпаймыз!

29.06.2017

Бүгін таңертең маусым айының 29 куні Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортсмені Дана Ахмет өмірден өтті.

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы»
РМҚК Дана Ахметтің жанұйясына, туған туыстарына, жақындарына, орны толмас ауыр қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады. Барлығымызға аса ауыр қаза, зор қайғы ...

2000 жылы мамыр айының 5-ші күні Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Тоқушы селосында Дана дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатында оқыды.

2016 жылдан бастап Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталағының спортшылартізімдік құрамында және Қазақстан Республикасы Спорт мастері болды.

Спортшы 2017-Жастар ойындарында өте биік нәтижелерге ие болып жастар арасындағы егіз командалық тасжолдағы жарыста (шоссе) күміс медалін жеңіп алды, тректе командалық спринт, жеке қудалау жарысында қола медаліне ие болды, ал маунтинбайкте және Солтүстік Қазақстан облыстық есебінде еңбиіктен көрініп 1-ші орынды жеңіп алды. 2017 жылғы Азия чемпионатында Дана тасжолдағы топтық жарыста 13-ші орынға жетті. Жас спортшы Дананың бұданда басқа спорттагы жоғары марапаттары, жүлделі орындары көбіне-көп еді ...

Бөлісу: