Ақтоты Райымкұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

17.06.2019

Ақтоты Райымқұлова Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтемемен Tengrinews.kz.

Президенттің жарлығында «Ақтоты Рахматуллаевна Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын» деп көрсетілген, үміткерлігін Мәжіліс мақұлдаған.

Осыған дейін аталған лауазымды қызмет атқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Тағайындауға дейін Ақтоты Райымқұлова 2016 жылғы 3 қазаннан бастап вице-министр болып жұмыс жасаған. Алматы қаласында 1964 жылы 2 мамырда өмірге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын 1987 жылы "композиция" және "фортепиано" мамандықтары бойынша аяқтаған. Сонымен қатар, Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында «менеджмент» мамандығы бойынша оқыған. DBA (Doctor of Business Administration) атағы бар.

Дерек көзі: www.tengrinews.kz


Бөлісу: