«Мектепке жол» акциясы

25.08.2018

Жыл сайын дәстүрлі түрде республикамыздың түкпір-түкпірінде «Мектепке жол» акциясы жүзеге асырылады.

Мемлекет тарапынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мектепке қажетті оқу құралдармен, киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.

Осыған орай «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Мұқашев Бауыржан Өмірсерікұлы ұжымның атынан балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.

Баршаңызды аталмыш акцияға белсене қатысуларыңызды және жақсылық жасаудан кенде қалмауларыңызды сұраймыз!

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: