Аналитикалық анықтама

24.07.2018

2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметінде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша

аналитикалық анықтама

Астана қаласы                                                                    2018 жылғы «__»______________ 

2018 жылдың 1 жартыжылдығы  бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) қызметінде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы Кәсіпорын өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді.

Дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық жасауға себептес болатын бұзушылықтар, анықталмады.

Кәсіпорынның ұйымдық-басқарушылық қызметінде 2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға келесі бағыттар алынды:

1) Қызметкерлерді басқару; 2018 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша штат саны 237 бірлікті құрады, оның ішінде әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер (ӘБҚ) – 30, тех.қызметкерлер – 207. Алмасушылық – 36 бірлікті құрады (қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу). Жұмысқа - 40 бірлік қабылданды. 2018 жылдың 1 жартыжылдығы  бойынша 7 қызметкерге тәртіптік жаза тағайындалды. Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары жоқ.

2) Мүдделер қайшылығы фактілері анықталмады.

3) Кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жеке істерінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  комитетінің «Ақпараттық сервис» базасынан алынған соттылықтың жоқтығы туралы анықтамалары бар.

4) Мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізу кезінде үлестес және  жақын туыстар (ата-аналар), балалар, қыз асырап алушы (ұл асырап алушы), ұл асырап алған (қыз асырап алған), туған және тумаған аға-інілер мен әпке-қарындастар, аталар, апалар, немерелер) немесе ерлі-зайыптылар  ие болған тікелей бағынышты лауазымдарда отырған,  лауазымдарға ие болушылық фактілері анықталмады.

5) Кәсіпорында мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу электронды түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, және жабдықтаушымен қандай болса да байланысты болдырмайды. Шарттарды жасаудың электронды форматы тек қана веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша толық және расталған ақпаратты құруға және олардың орташа сатып алу бағаларын белгілеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және айқындылығына бағытталған электронды шарттар мен басқа нормалар қатарын енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ықшамдауға мүмкіндік берді.

6) Теріс материалдарды анықтау затына бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісі жүргізілді – анықталмады.

7) Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықты анықтау фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдары – анықталмады.

8) Прокурорлық қадағалау актілері – түспеді.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысын іске асыру мақсатында 2017-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларының жоспары бекітілді. Жоспарда келесі іс-шаралар қарастырылды: сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың нормаларын, Кәсіпорынның функционалдық қызметіне  қатысты заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық жаппай оқу, Кәсіпорынның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында теріс материалдарға реакциялар мониторингісі, Кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты сайтта уақытында орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту.

Жоғарыда баяндалғаннын негізінде, жұмыс тобы Кәсіпорынның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген қорытындыға келді.

Бөлісу: