«Жұлдыз» халықаралық көркем гимнастика турниріне анонс

02.05.2018

29-31 мамыр аралығында  Қазақстанның астанасында «Сарыарқа» велотрегі шаңырағының астында «III FIG Zhuldyz cup 2018» дәстүрлі Халықаралық көркем гимнастикадан турнир өтеді.

Бұл турнирдің негізін салушысы мен бастаушысы «Жұлдыз» көркем гимнастика орталығының жетекшісі Кунц Елена Антоновна болып табылады.

Бұл турнир халықаралық гимнастика федерациясының (FIG)  ішіндегі айтулы әрі танымал болып табылады және Қазақстанда осымен үшінші рет өткізілейін деп отыр.

Турнирде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан,Қырғызстан, Украина, Түркия, Литва, Корея және Белорисияның ең мықты гимнасттары өз өнерлерін көрсетіп бәйгеге түспек.

Сонымен қатар турнир аясында  300-350 қатысушы болатын VI  Халықаралық Кубок «Zhuldyz Baby cup 2018» балалар  турнирі өтеді.

Турнирдің құрметті қонақтары:

ЮСУПОВА АЛИЯ МАҚСУТОВА - ҚР көркем гимнастикадан еңбек сінірген спорт мастері,Қазақстанның абсолют чемпионы, Азияның абсолют чемпионы, 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, халықаралық турнирлер мен Гран-при жүлдегері, Әлем чемпионаттарының қатысушысы, Афины және Пекинде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, бүгінде  Қазақстан Республикасы құрама командасының көркем гимнастикадан  бас жаттықтырушысы.

АННА РИЗАТДИНОВА – Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері,.

МАРГАРИТА МАМУН – Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы,бірнеше дүркін  Еуропа және Әлем чемпионы.

28 мая в 15.00 часов в Велотреке «Сарыарка» состоится пресс-конференция с участием Алии Юсуповой, Анны Ризатдиновой, генерального  секретаря Казахстанской федерации гимнастики Айгуль Биекеновны, представителей Министерства культуры и спорта РК и Национального Олимпийского комитета.

Алия Юсупова,Анна Ризатдинова,   Қазақстан гимнастика федерациясының бас хатшысы Айгүл Бекенова, ҚР спорт және мәдениет Министрлігінің өкілдері және Олимпиаданың Ұлттық комитетінің қатысуымен  «Сарыарқа » велотрегінде 28 мамыр сағат 15.00 де пресс-конференция өтеді.

Пресс-конференуиядан кейін, сағат 19.00 де турнирдің  ашылу  салтанаты және көркем гимнастикадан әлем жұлдыздарының қатысуымен үлкен гала-концерт өткізіледі.

 Бұл әсем және керемет спорт түрін бағалаушылардың барлығын турнир қонағы болуға  шақырамыз! Сөзбен айтып жеткізуге болмайтын эмоциялар алатындарыңызға кепілдік береміз!

Өтетін жері:Астана қаласы, «Сарыарқа» велотрегі. Жарыстар 29-31 мамыр аралығында сағат 10.00 ден басталады,кіру тегін.

Барлық сұрақтар бойынша:Сымбат Куйшенова +7 702 797 08 87.

Бөлісу: