1 маусымға арналған «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында анонс

22.05.2018

Жаздың ең бірінші жұлдызында, яғни 1 маусым күні барлық әлемде – Балаларды қорғау күні  атап өтіледі. Бақытқа толы мейрам-  Балалар күні 1949 жылы Халықаралық Демократиялық әйелдер фдерациясының бастамасымен бекітілген болатын. БҰҰ ұйымы бұл бастаманы қолдап,балалардың денсаулығын,өмірін және құқығын қорғау олардың жұмыстарының басты бағыттарының бірі екенін атап айтты. 

Балаларды қорғау, бүгінде  табиғат апаттары мен қайшылықтар салдарынан болған гуманитарлық дағдарыс  кешіп жатқан  елдердегі мектеп жасындағы 462 млн-ға жуық балалар  үшін әлемде  ең басты басымдылықтардың бірі болып қалады.

Осы күннің қарсаңында,  28 мамыр күні «Бақытты балалық шақ» партиялық акциясының аясында,  «Сарыарқа» велотрегінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ашық есік күндері өтеді.

Аталмыш акцияның басты мақсаты балалардың дамуына әрбір социумда жақсы жағдай жасалуы, қоғамды  балалар үйінің ,аз қамтылған және бейберекет отбасылардың балаларына    әлеуметтік бейімделуіне  және практикалық  көмек көрсету.

Бұл күні  балаларға көпфункционалды «Сарыарқа» велотрек спорт кешеніне экскурсия дайындалады,сонымен қатар  фитнес центрдің бассейнінде оларды спорттық ойын бағдарламалары мен сыйлықтар  күтіп тұр.

«Мәдениет» бірінші партиялық ұйымның, «Бірлік» , «Нұр Отан» партияларының өкілдері және «Велоспорттан олимпиадаға дайындық Центрінің» әкімшілігі акцияның бастамашылары болып табылады.

Өтетін жері және уақыты:

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 45А, «Сарыарқа» фитнес центрі(батыс кіру).

Басталуы: 10.00

БАҚ аккредитациясын алу үшін мына нөмерге хабарласыңыздар:+7 (7172) 70 71 52.

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: