«АСТАНА» ҮЙДЕ ӨТКЕН ОЙЫНДА «ЭНЕЛ БАСКЕТТІ» ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

11.02.2015

Еурочеллендж додасы аясында «Астана» БК үйде өткен ойында 83:75 есебімен италиялық «Энел Баскет» БК-ын жеңіп шықты.

«Астананың» бастауыш бестігі: Джерри Джонсон, Никлас Каньер-Медли, Джейкован Браун, Лукша Андрич, Патрик Калатес.

Ойын есебін 2-ұпайлық доппен Энел Баскет ашқан болатын, оған жауап ретінде Джерри Джонсон 3-ұпайлық доп соқты. 6 минутта «Энел Баскет» тайм-аут алады. Тайм-ауттан кейін Никлас Каньер-Медли «Астана» пайдасына айыптық сызықтан лақтырған доппен тағы 2 ұпай әкеледі. 1 кезең бойы «Астана» - 2 ұпай алда болады. 1-ші кезеңнен кейінгі есеп – «Астана» пайдасына 19:14.

Екінші кезеңде «Энел Баскет» «Астана» торына 2 ұпайлық доп тигізеді. Екінші кезеңнің ортасында «Астана» әлі де 2 ұпай алда болады. Екінші кезеңнің 7-ші минутында итальяндық ойыншылар есепті теңестіріп, 3-ұпайлық доп лақтырып, алға ұмтылады. Екінші кезеңнен кейінгі есеп «Энел Баскеттің» пайдасында 33:37 болады.

Үлкен үзілістен кейін, үшінші кезеңде Лукша Андрич қарсылас торына 3-ұпайлық лақтырып, содан кейін Никлас Каньер-Медли тағы 2-ұпай соғады.  Төртінші кезеңде «Астананың» артықшылығы айқын болады. Нәтижесінде «Астана» жанкүйерлерінің ду қол шапалақтауымен бүгінгі ойынды 83:75 есебімен аяқтайды.

«Астананың» үздіктері: Джерри Джонсон - 21 ұпай, Джейкован Браун - 20 ұпай, Никлас Каньер-Медли - 19 ұпай, Рашид Махалбашич және Лукша Андрич – әрбіреуі 9 ұпайдан, Патрик Калатес - 3 ұпай.

Біздің жігіттерімізді осындай маңызды жеңіспен құттықтаймыз!

«Астана» БК-ның келесі матчы да үйде өтеді. «Астана» 13 ақпан күні сағат 20.00-де өз алаңында финдық «Байзонсты» қарсы алады

www.bcastana.kz

Бөлісу: