"АСТАНА" ҮЙДЕГІ ОЙЫНДА "НИМБУРКТЕН" ҰТЫЛДЫ

02.02.2015
«Астана» үйдегі ойында ВТБ Лигасының жүйелі чемпионаты аясында чехиялық «Нимбурктан» 82:84 есебімен ұтылған болатын. Екі команда да соңғы матчтарын сәтсіз өткізді. «Астана» қатарынан үш рет ұтылып, есепке алынатын сегіздіктен шығып кетті. Оған қоса, әдетте өз алаңында жақсы ойнайтын қазақстандықтар қатарынан төрт рет өз алаңында жеңілген болатын. Чехиялық ұжым болса, Қазақстанға келер алдында қатарынан сегіз матч ойнады. «Астана» және «Нимбурк» осы ойынды жеңіске апарар жол ретінде қарастырды.

Бірінші кезең тепе тең өтті. Алаң иелерінің арасында орталық ойыншы Рашид Махалбашич және ұжымның көп жылғы көшбасшысы Джерри Джонсон көзге көрінген болатын. 10 минуттан кейін тақтадағы есеп 19:19 болды.

Екінші ширектің басында Джейкован Браун көзге көрінген болатын. Үшұпайлық доптан кейін, бірнеше жеңіл доптарды лақтырып, осының арқасында «Астана» 5 ұпай алға кетіп, Кястутис Кемзур тайм-аут алуға мәжбүр болды. Үзілістен кейін командалар нәтижелі соққылармен алмасты. Екінші кезеңді 27:19 есебімен бітіріп, сары-көк команда үлкен үзіліске 8-ұпайлық артықшылықпен кетті.

Үшінші кезең бойы «Нимбурк» қарсыластарына жетуге тырысты, алайда, чехиялық команданың әрбір добына «Астана» жауап ретінде гол соқты. Кезең аяқталғанша дейін 2 минут қалғанда жағдай өзгерген жоқ – 62:55 «Астана» пайдасына.  Алайда, 10-минуттық бөліктің соңында қонақтарымыз алға ұмтылып, бірнеше шапшаң шабуыл және сиренамен бірге соғылған Честер Симмонстың үш-ұпайлығының арқасында есеп тең болды. Форвард Петр Симмонстың соққан добының арқасында чехиялықтар бастаманы өздеріне алды, алайда, ойын соңы шиеленісті өтті. Қанша дегенмен, бұрын алынған артықшылықтың және қызыл-ақ команданың сенімді айыптық лақтырулары осы команданы жеңіске әкелді – 84:82.

«Нимбурк» БК бас бапкері Кястусис Кемзурдың түсініктемесі:

- Бұл ойын өте шиеленісті болды. Матчты біздің пайдамызға аяқтағанымызға қуаныштымын. Бірінші кезеңде жақсы ойнасақ, екінші кезеңде босаңсып, «Астана» алға кетіп қалды, біздің қорғауымыз нашарлап, оларды тоқтата алмай қалдық. Шабуылымыз жақсы өтті, алайда, тордың астынан лақтырған доптарымыз тура тиген жоқ. Үшінші кезеңде қорғаумызды нығайтып, тактикамызды сәл өзгертіп, есепті теңестірдік. Матч соңында жағдайды толығымен басқарған болатынбыз.

«Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Виталий Стребковтың түсініктемесі:

- Менің ойымша, жоспарымызды ұстанып, ойынды жақсы бастадық. Бұл біз үшін жақсы көрсеткіш болды, алайда, төртінші кезеңнің екінші бөлігінде бірінші кезеңге қарағанда көп қате жасадық. Сәл жеке ойынға ауысып кеттік. Матч басталғандағы энергиямызды сақтай алмай, «Нимбурк» лайықты жеңісіне жетті.

 «Астананың» үздіктері: Ник Каньер-Медли – 21 ұпай, 8 іріктеу, Джерри Джонсон – 16 ұпай, 12 рет доп берді, Рашид Махалбашич – 15 ұпай, 7 іріктеу, Джекован Браун – 11 ұпай, Патрик Калатес – 9 ұпай, 7 іріктеу.

www.bcastana.kz

Бөлісу: