"АСТАНА" ЖЕҢІСІ!

04.02.2015
Бүгін Қазақстан чемпионаты аясындағы ойындар сериясының бірінші матчы аяқталды. «Астана» БК өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қарсы алған болатын.

Бастаушы бестік: Джерри Джонсон, Павел Ильин, Никлас Каньер-Медли, Лукша Андрич, Патрик Калатес.

Бірінші үш ұпайды өз командасына Джерри Джонсон әкелген еді, одан кейін Ник Каньер-Медли фолмен қарсылас торына тағы 2 ұпай берген доп лақтырды. Матчтың бірінші сәтінен бастап «Астана» алға кетеді. Екінші кезеңнің ортасында «Астана» +20 ұпай алда болды. Матч бойы «Астананың» артықшылығы 20 ұпай құрады.  Төртінші кезеңнің аяғында «Астана» 27 ұпай алда болады. Матч есебі – 76:47, кезеңдер бойынша есеп келесідей болды: 1 кезең – 21:8, 2 кезең - 18:10, 3 кезең - 17:18, 4 кезең - 20:11.

«Астананың» үздіктері: Никлас Каньер-Медли - 12 ұпай; Джерри Джонсон және Павел Ильин - әрқайсысы 9 ұпайдан, Анатолий Колесников және Патрик Калатес- әрқайсысы 8 ұпайдан, Рустам Мурзагалиев - 6 ұпай.

Келесі матч ертең 17.00-де «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. «Астана» «Каспий» БК-ын қарсы алады. 

www.bcastana.kz

Бөлісу: