"Астана" риждік ВЭФ-ті жеңіп кетті

16.01.2018

Командалардың бүгінгі кездесуін ең маңыздылардың бірі деп айтуға болады.  Екі команда да мықты, екеуі де жеңіске жету үшін жұмыс істеді. Сәттілік кімге бұйырғанын, матч көрсетті.

Кездесу есебін матч қонақтары ашты,бірақ алаң иелері де көп күттірмей, Ике Удано атты спортшы әдемі лақтырыспен командаға 2 ұпай алып келді. Матчтың бірінші бөлігі өте белсенді басталды, командалардың әр шабуылы нәтижелі болды. Команда көшбасшысы Джастин Картер үш ұпайлық доғаның арқасында жұмыс істеді. Дегенмен, ол жақсы жұмыс істеді.Кезең өте шиеленісті болды, есептегі тербеліс әр шабуыл кезінде болып отырды.Матчтың бірінші кезеңі, «Астана» пайдасына, 23:19 есебімен аяқталды. Екінші онминуттық белсенді болмады. «Астана» лақтырыстарды сәтті орындай алмады, сондықтан қарсылас, сол жағдайды пайдаланып, жеңіл доптарды түсірді. Алаңға Джастин Картер шығысымен жағдай өзгерді. Екінші кезеңді де «Астана» 41:30 есебімен жақсы аяқтады.

Үлкен үзілістен кейін де командалар ойын амплитудаларын төмендетпеді. Ойын одан сайын өрбді. «Астана» өзін әр шабуылда жақсы қырынан көрсеткендіктен, үшінші онминуттықта көшбасшылығын 57:49 есебімен сақтап қалды.Соңғы кезең толығымен астаналықтардың қарамағында болды. Олар бәсекелестеріне мүмкіндік бермеді. Кездесу «Астана» командасының жеңісімен 67:53 есебімен аяқталды.

Матчтың ең нәтижелі ойыншысы Джастин Картер болды -13 ұпай, 5 жиын, 3 «көмек», Энтони Клеммонс командаға 14 ұпай,Ике Удано және Ларри Гордон 11 ұпайдан әкелді.

 «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы Михаил Карпенко:
«Біз шабуылда тамаша болмадық , бірақ біз қорғаныспен күресіп, ойын жоспарын орындадық. Қарсыласқа тек 53 ұпай жинауға мүмкіндік берілді, бұл жақсы нәтиже. Әрине, шабуылда бізге қосу және қосу керек. Бұл менің алғашқы ойыным болды, сондықтан да команда менің барлық талаптарыма бейімделу керек. Бірақ мен барлық ойыншыларға ризамын. Бұл қиын ойын болды, ВЭФ өте жақсы күресті.

ВЭФ-тің бас бапкері Янис Гайлитис:

-«Астананы» жеңісмен құттықтаймын, олардың қорғаныстарын атап айтқым келіп тұр. Олар бізге шабуыл кезінде допты тез қозғауға мүмкіндік бермеді. Бізде көбірек ұпай салуға мүмкіндік болды, бірақ біз сол мүмкіндікті қолдана алмадық. Біз қорғаныста кей кезеңдерде  жақсы ойнадық. Алдағы ойындарды сәттірек өткізетінімізге сенеміз.

«Астана» келесі ойынын басқа қалада өткізеді. 20 қаңтар елордалық баскетболшылар ВТБ Біріккен лига аясында саратовтық Автодормен кездеседі.

Ақпарат көзі:pbcastana.kz

Бөлісу: