«Астана» Ұлттық лига маусымындағы «Тобылмен» алғашқы ойында жеңіске жетті

10.12.2019

Президенттік баскетбол клубы Ұлттық лига маусымындағы қостанайлық «Тобылмен» алғашқы ойында сенімді жеңіске жетті.

«Тобыл» - осы маусымда астаналық құраманың бірде бір мәрте кездеспеген соңғы команда болып табылады. «Тобылдықтар» ойынның алғашқы бөлімінде басымдықпен көзге түссе де, кейін «Астанаға» есе жіберді. Елордалық команда Ұлттық лигада барлық қарсыластарынан жоғары тұр.

Бүгін, 10 желтоқсан, қос команда арасында екінші кездесу өтеді. Матч астана уақытымен 19:30-да басталады.

Бөлісу: