«АСТАНА» «КРАСНЫЕ КРЫЛЬЯ» КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

05.03.2015
ВТБ Біріккен Лигасы чемпионатының аясында өткен матчта «Астана» үйдегі алаңда ресейлік «Красные Крылья» командасын 95:88 есебімен ұтты. Самаралық клуб үшінші кезеңге дейін қызу күресіп еді, алайда «Астана» нәтижесінде мықтырақ болып шықты.

«Астананың» бастаушы бестігі: Джерри Джонсон, Никлас Каньер-Медли, Джейкован Браун, Лукша Андрич, Патрик Калатес. 

 Қонақтар үлкен жігермен матчты бастап еді, алайда, «Астана» да қарсылас голдарына жігерлікпен жауап берді. Ұзақ уақыт бойы ойын тең есеппен өтіп, бірінші кезеңнің соңында ғана алаң иелері тамаша ойыншының – Джерри Джонсон әрекетінің арқасында алға шығады (22:17). Екінші кезең біріншіге ұқсақ ритмде өтеді: қызу күрес нәтижесінде самаралықтар қарсыласқа тақап қалған еді, «Астана» соңында алға ұмтылып, артықшылық алады. Үшінші кезеңде «Астана» +12 ұпай алда болады. Алайда, төртінші кезеңде қонақтарымыз тасқынды шабуыл жасайды, оған Джейкован Браун торға тура тиген допты лақтырып, ойын нәтижесі анық болады - 95:88. «Астана» тағы да жеңіске жетеді.

Түсініктемелер

«Астананың» бас бапкері Рамунас Бутаутас:

- Біз бүгін «Красные Крылья» командасын жеңіп шықтық, алайда, маған ойнымыз ұнаған жоқ. Ойын нәтижесіне қанағат болсам да, ойын сапасы мені ренішті күйде қалдырды. Шабуылымызда допты жаман ойнатып, күреске толық берілген жоқпыз. «Нижний Новгородпен» өтетін матчқа дейін бәріміз де нәтиже жасайтынымызға сенімдімін. 

 «Красные Крылья» командасының бас бапкері  Борис Соколовский:

- Бұл өте қиын ойын болды. Дегенмен, барлық қиындықтарға қарамастан, қарсылас ойынын мұқият зерттеген болатынбыз. «Астанаға» біздің құрам қалай әсер еткенін білмеймін: бүгін ойыншыларым – жас ойыншылар да, бұрыннан ойнап келетін ойыншылар да бар күштерін салып, ойнады.  Өкінішке орай, Антон Пушков жарақат алды, бұл бізге қосымша кадрлық қиыншылықтар туғызады. Қайткенмен, ойыншыларыма қанағатпын. Жас ойыншы Игорь Гавришті ерекше атап кеткім келеді – ол абыржымай, қарсылас торында алаң иелеріне біраз қиын сәттер туғыздырды.

 «Астананың» үздіктері: Джерри Джонсон — 20 ұпай жинап, 11 рет допты берді; Патрик Калатес — 16 ұпай; Ник Каньер-Медли — 15 ұпай; Рашид Махалбашич — 12 ұпай, 9 іріктеу; Джекован Браун — 11 ұпай алып, 8 рет доп берді; Антон Пономарев — 7 ұпай.

 «Астананы» кезекті жеңіспен құттықтаймыз!

www.bcastana.kz

Бөлісу: