«Астана» үш жеңілістен тұратын топтаманы үзді

28.01.2019

Қазақстандық  «Астана» өз алаңында латвиялық ВЭФ 90:77 (25:20, 24:16, 15:24, 26:17)  есебімен жеңді.
Джей Джей О`Брайеннің екі рет қашықтықтан доп салуы «Астанаға» бастаманы алғашқы минуттардан бастап өз қолына алуға мүмкіндік берді. Алаң иелері шабуылда да өздерін сенімді ұстады: О`Брайеннің тағы бір қашықтықтан доп лақтыруы және Стивен Холттың бірнеше жемісті шабуылы, қалқандағы басымдылық (8 «екінші мүмкіндік» ұпайлары) көк-сары түсті киімдегі командаға есепте 10 ұпай алға шығуға – 23:13 мүмкіндік берді.
 Ригалықтар ойынға Эндрю Эндрюстің куражы және «үлкендерді» белсенді пайдалану есебінен орала алды. Ал «Астананың» бұған өз жауабы болды. Осындай қиын сәтте көшбасшы қызметін Майкл Дженкинс өз қолына алды. Қорғаушы екінші ширекте 13 ұпай жинады және алаң иелеріне 49:36 есебімен сенімді айырмашылықты қайтарды.
Төртінші ширек ВЭФ алға шығуымен басталды, Стив Зак және Джабриль Дюрэмнің арқасында есеп 6:0 болды. Қонақтар сенімділік сезініп, бастаманы өз қолдарына алды. Барлық 10 минут бойы олар аралықты біртіндеп азайтып, бір сәтте  қарсыластарына бір доп лақтыру қашықтығына 60:62 жақындады.
Алайда, қорытынды ширекте алаң иелері шешуші соққы бере алды.  Хортон, Холт және Жигулин 7:0 дейін алға шығуды ұйымдастырып, «Астананың» көшбасшылығы қайтадан 71:60 айқын болды. Ригалықтар Стив Зактың күш салуымен камбэк ұйымдастыруға тырысты, алайда оған қол жеткізе алмады. Көк-сары формалылар матч ырғағын сенімді бақылап, қарсыластарына еркін шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді және өз көшбасшыларының жеке шеберлігі есебінен аралықты біршама арттырды. Матчтың соңғы минуттары алаң иелерінің бақылауында болды, бұл оларға үш жеңілістен кейін жеңіске қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Ең нәтижелілері
«Астана»:
Стивен Холт (22 + 6 іріктеу + 3 басып алу), Майкл Дженкинс (21 + 6 беру), Джей Джей О`Брайен (14 + 6 беру), Джеффри Гросселл (14).
ВЭФ: Стив Зак (21 + 14 іріктеу), Эндрю Эндрюс (17), Марекс Мейерис (13), Артурс Аусейс (11 + 5 беру).
Аталған маусымда батыр Стивен Холт көп жағдайда Энтони Клеммонстың тасасында қала берді. Алайда, осы кездесуде көшбасшының болмауы оның орнын басушыға өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде алаң иелерінің қорғаушысы матчта жиналған ұпай (22), тиімділік (29) және басып алу (3) бойынша үздік болды. Сонымен қатар, америкалықтың активінде 6 іріктеу және 3 нәтижелі доп беру бар. «Астананың» осы маусымдағы жеңістерінің саны 8. Өткен чемпионатта команда 7 жеңіске қол жеткізген. «Астананың» бас бапкері Эмиль Райкович:
- Бұл біз үшін аса маңызды жеңіс болды. Алдыңғы матчте біз УНИКСқа ең соңында жеңісті беріп  алдық, жеңіске шамалы ғана жетпей қалды. Бүгін біз топ басшысы Клеммонссз ойнадық, сол себепті жеңіс бізге екі есе маңызды. Барлығын жеңіспен құттықтаймын.
ВЭФ бас бапкері Янис Гайлитис:
- Бүгін біз матчты өте нашар бастадық. Әрине біз «Астананы» талдадық және олардың қалай ойнайтынын білдік. Бүгін біз шаршаған қалыпта болдық, шабуылдарда идея мен әр ауландық жетіспеді. Келесі матчты команда сапарда өткізеді, 2 ақпан күні астаналық баскетболшылар ВТБ бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты шеңберінде саратовтық «Автодор» баскетбол клубымен кездеседі.

Дерек көзіhttp://pbcastana.kz

Бөлісу: