«Астана» « Атырау Барыстарын» қабылдайды

13.02.2018

14 және 15 ақпан күндері елорда баскетболшылары өз алаңында екі ойын өткізіп, баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында «Атырау Барыстары» командасын қабылдайды.

 Осыдан бір апта бұрын ғана «Астана» атыраулықтармен түзде кездесіп, екі матчта да күмәнсіз жеңіске жеткен болатын. «Атырау Барыстары» – қашанда намысты қолдан бермейтін, әсіресе «Астана» секілді басты бәсекелесімен табан тіресе додаға түсетін команда.

Екі ойын да «Сарыарқа» республикалық велотрегі залында өтеді. Басталуы – сағат 19:00-де. Ойындарға кіру – тегін.

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: