«Астана» «Зенит» таңғалдырып ,плей-офф үшін күреске қайта оралды!

12.02.2018

Қазақстандық «Астана» үйде ресейлік «Зенитке» үлкен жеңіліс сыйлады-87:64(23:21,21:21,21:12,21:10)

Қазақстандықтар өз мақсаттарын бірінші онминуттықты жеңген кезде көрсетті. Алаңда ойынның бірінші жартысында қызу тартыс жүріп жатты-   үлкен үзіліс ысқырығына аз уақыт қалғанда, Кайл Курич өз командасын алға шығарып алды. Дегенмен, Астананың Энтони Клеммонс пен Леонид Каселакис деген батырлары табылып, «Астананың» жеңісін сақтап қалды.

Үзілістен кейін бірден үлкен бетбұрыстар орын алды. «Зенит» кенеттен энергисын жоғалтып алды, сол жағдайда алаң қожайындары пайдаланып қалды. Клеммонс және Каселакис өз командасын алға алып шығып жүрді, сосын есептегі айырма екі таңбалы болды. «Зениттің» ойыны соңғы кезеңде одан сайын бұзылды. 9 минут бойы олар тек 2 ұпай жинай алды. «Астана» маңызды ойынды жеңді және плэй-офф күреске қайтадан қосылды.

Батыр: Ике Удано. Америкалық ойыншы бас «үлкен» Дрю Гордонның жоқтығын пайдаланып, «Астана» үшін ең үздік ойынның бірін өткізді.Ол бар-жоғы 27 минут ішінде, 21 ұпай мен 10 іріктеу жасады.

Ең көп ұпай еншілегендер:

«Астана»: Ике Удано (21+10 рет доп қақшып алды), Энтони Клеммонс (17+5 рет доп қақшып алды), Леонидас Каселакис (16+6 рет доп қақшып алды), Джастин Картер (15);

«Зенит»: Кайл Курич (13), Марко Симонович (10)

«Астана» БК бас бапкері м.а. Михаил Карпенко:

-  Айта кету керек, матчтың бірінші жартысында ойын тең дәрежеде өрбіді, бұл кездесу нәтижесінде де білініп тұрды. Біз шабуылда жақсы ойнадық, бірақ қорғаныста қателіктер жіберіп алумен болдық. Доптан айырылып қалып, қарсыласымыз оңай жолмен ұпай еншілеп отырды. Әйтсе де, өз мақсатымыздан ауытқымай, ойынға құрған жоспарымызды жүзеге асыра алдық. Кездесудің екінші жартысында ұпай айырмасын ұлғайта түстік, ал матчтың төртінші ширек бөлігінде ойын «тізгінін» өз қолымызда ұстадық. Командаға нәтижелі ойын үшін рахмет, барлық жанкүйерлерімізді ірі жеңісімізбен құттықтаймын.

«Зенит» клубының бас бапкері Василий Карасев:

- Бұл сапар біз үшін тым ауыр болды – команда Италиядан келген бетте жолға шықты. Ал онда плей-оффқа шығу үшін,тер төккен едік. Бүгінгі матчқа дайындалуға бір күндік қана уақытымыз болды. Команда бар жағынан баяу болды. Біз тіпті жүгірген де жоқпыз, бірге-бір ешкімді алдап өте алмадық, үш ұпайлық соққыларға иек артуға тырысып едік, бірақ көбінесе мүлт кеттік.  

«Астана» келесі ойындарын өз алаңында өткізіп, 14 және 15 ақпан күндері елорда баскетболшылары Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасы аясында «Атырау Барыстары» клубын қабылдайды

Ал ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы келесі ойынын «Астана» 4 наурыз күні өткізіп, елорда баскетболшылары өз алаңында Беларусь елінің «Цмоки Минск» клубымен додаға түседі.

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: