«Астана» «Химкаға» жол берді

13.12.2014

ВТБ Лигасының тұрақты чемпионаты матчында «Астана» өз паркетінде 88:93 есебімен ресейлік «Химкадан» жеңілді.

 «Астананың» старттық құрамы: Павел Ильин, Джейкован Браун, Лукша Андрич, Анатолий Колесников, Патрик Калатес.

Лукша Андрич кездесу есебін ашты. Матч тең жүріп, жігерді күрес болды. Біздің жігіттер алыстан лақтыра алды. Бүкіл старттық ширек бойы екі клуб та тең келді, тек ширек аяғына қарай «Астана» бес ұпайға ажырай алды - 25:20.

Екінші ширекте Джейкован Браун үздік снайпер болды. Оның соққылары нақты болды, оның қарсылас шеңберіне дәл лақтыруымен командалар үзіліске кетті  - 44:46.

Екінші жартыда сары формадағы ойыншылар есепті теңдестірді. Астаналықтардың артықшылығы бүкіл үшінші ширек бойы болды -72:67. Төртінші ширекте қонақтар алға шықты - 88:93, қонақтар пайдасына.

«Химки» БК бас бапкерінің түсіндірмелері, Римас Куртинайтис:
- Мен өз жеңісімізге өте қуаныштымыз, өйткені Астанаға келгенде өткен жыл мысалында бізде проблемалар болды. Бірақ өткен жылы біз өте белсенді күресті жеңдік. «Астанадан» өте қауіптендік, әсіресе біздің үшін ойыншымыз зақым алды, олар - Попович, Огастин және Дэвис. Бірақ біздің жолымыз болды, өйткені «Астанада» Джерри Джонсон ойнамады, ол қазіргі уақытта «Астана» командасының негізгі ойыншыларының бірі, осы біздің жеңісіміздің «кілті» болды. «Астанаға» олар қатысатын барлық турнирлерде табыс тілегім келеді.

«Астана» БК бас бапкерінің түсіндірмелері, Александр Трифунович:
- Мен екі командаға да алғыс білдіргім келеді. Біз «Химкада» үш зақым алған ойыншылар бар екендігін білдік: Огастин, Попович және Дэвис, бірақ біз маусым басынан Никлас Каньер-Медлисіз ойнағанымызды есте сақтау қажет. Матчқа дейін Джерри Джонсон Еврочеллендж турнирінде үш күн бұрын алған жарақатынан бүгін ойнамайтына туралы шешім қабылданды. Бұл екі ойыншысының құндылығы сөзсіз. Кез-келге жағдайда, «Химки» үздік команда, бүгін олар өз деңгейін көрсетті. Матч УНИКС-пен матчқа ұқсас болды, онда біз басында ойын барысын бақыладық, бірақ соңында біз асығыс лақтыру жасадық. Біз бас кезінде «Химкаға» көп нәрсеге мүмкіндік бердік. Бірақ қазір біз өз қателерімізді талдап, келесі матчқа дайындаламыз.

Әріптестік қатынастарды дамыту шеңберінде жанкүйерлер арасындағы үйдегі матчта «Пулково Экспресс Астана» ЖШС «Астана» Президенттік клубының Ресми Тревел-провайдерінен авиабилет алуға 50 000 теңге сомаға Серификат ойнатылды. Ширектер арасындағы үзілісте конкурс өтті, оның жеңімпазы Михаил атты жігіт болды. Михаилды құттықтаймыз!

Келесі матч 16 желтоқсанда сағ. 17.00-де велотректе Еврочеллендж  турнирі шеңберінде өтеді. «Астана» БК  «Автодор» БК –ны қабылдайды.

www.bcastana.kz

Бөлісу: