«Астана» «АМУ Барыстары Атырау» қарсы екінші матчте жүздікті еңсерген

24.01.2019

24 қаңтарда ПБК «Астана» және «АМУ Барыстары Атырау» БК арасында Қазақстанның Ұлттық лигасы шеңберінде екінші үй матчы өткізілді. «Астана» астаналық баскетбол клубы осы жолы да Атыраулық Барыстарға ешбір мүмкіндік берместен 109:52 (35:11, 24:15, 25:12, 25:14) есебімен кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Матчтың үздік ойыншылары: Рустам Мурзаглиев -16 ұпай, 9 іріктеу, 7 беру, 6 тартып алу және тиімділік - 32, Вадим Щербак - 16 ұпай, 2 беру, 1 тартып алу және тиімділік - 17.

Рустам Ергали – 15 ұпай, 4 іріктеу, 2 беру, 1 тартым алу, тиімділік – 14, Александр Жигулин – 13 ұпай, 2 іріктеу, 2 беру, 2 тартып алу және тиімділік - 14, Дмитрий Гаврилов – 9 ұпай, 6 іріктеу, 1 беру, 2 тартып алу және тиімділік -19.

Команда келесі матчын жексенбі – 27 қаңтар күні өткізеді, астаналықтар тұрақты ВБТ бірыңғай лигасы чемпионаты шеңберінде өз паркетінде Ригадан келген ВЭФ латвиялық баскетбол клубын қабылдайтын болады. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 15:00. Матч билеттері Ticketon.kz сайтында сатылымда.

Ұлттық лиганың тұрақты чемпионаты шеңберінде матчтердің келесі топтамасын «Астана» 5 және 6 ақпанда өткізеді, астаналық баскетболшылар «Атыраулық Барыстармен» кездеседі.

Дерек көзі: http://pbcastana.kz

Бөлісу: