«Астана» эстониялық «Калевпен» кездеседі.

03.02.2017

Осы жексенбі, 5 ақпанда елордалық «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионаты аясында «Калев» (Эстония) баскетбол клубын қабылдайды.

Бүгінгі таңда Эстония құрамасы ВТБ лигасының турнирлік кестесінде 3 жеңіс пен 11 жеңіліспен 12-ші орында тұр. Осы маусымда командалар Калев алаңында кездесіп үлгерді, содан кейін матч иелері жеңісті тойлады (84-67). Енді «Астана» аренасында, әрине, мүлде басқа кездесу күтіп тұр. Бірақ, соған қарамастан, Илиас Папатеодору командасы босаңсымай, алдағы матчқа толық дайындалуда.

PBC Astana бас бапкері Илиас Папатеодору алдағы матч туралы былай деп түсіндірді:

- Әртүрлі күшті қарсыластармен өткен үш кездесуден кейін Эстония құрамасымен ойын күтіп тұр. «Калев» - біздің деңгейдегі команда, біз оны жеңе аламыз. Жолда жеңіліп қалдық, енді есесін қайтаруға мүмкіндік бар. Бізге трибуналардың, адал жанкүйерлеріміздің қолдауы өте қажет. Және, әрине, егер біз жеңіске жетеміз деп ойласақ, 100% күшімізбен ойнауымыз керек!

Естеріңізге сала кетейік, кездесу «Сарыарқа» республикалық велотрегінің залында өтеді. Сағат 16.00-де басталады. Кіруі тегін! Матчтың онлайн трансляциясын ВТБ Бірыңғай Лигасының сайтынан Астана уақытымен сағат 16.00-де көре аласыздар.

www.pbcastana.kz


Бөлісу: