«Астана» «Төменгі Новгородпен» кездеседі

05.01.2018

Осы  сенбі, 6 қаңтар, ВТБ Біріккен Лига Чемпионаты аясында, елордалық баскетболшылар жаңа жылдағы алғашқы матчын «Төменгі Новгород» командасына қарсы өткізеді.

Өткен кездесулер хроникасы:

Төменгі Новгородтың баскебол клубы, Астана сияқты ВТБ Біріккен Лигасының құрамына 2011 жылы кірді. Осы уақыт бойы «төменгі қалалықтар» Лигаға бір емес сенсация алып келді. 2013/2014 маусымда «Төменгі» ВТБ Біріккен Лигасының күміс жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдағы «Летувос Ритасқа» қарсы төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетті. Дегенмен, мәскеулік ЦСКА-дан жеңіліп қалды, бірақ олар үшін тек қана күміс жүлде емес, сонымен қатар Евролигаға жолдама керек болды.

Ал, жеке «Астанамен» кездесулері туралы айтатын болсақ, командалар алаңда 10 рет кездесті, оның үш ойынында «Астана» жеңіске ие болды.

Қазіргі жағдайы:

2017 жылдың наурызында «Төменгіге» олардың экс-бапкері Зоран Лукич қайтып келді. Ол 2013/2014 маусымның табыс авторларының бірі. Алдыңғы маусымда ол спорт директоры лауазымы қызметін атқарған, бірақ мамырдың соңында жаңа бас бапкер ретінде таныстырылды. Команда құрамы Суперлига мен ВТБ Бірікке Лигасының жас ойыншыларымен толықтырылды. Үш жыл бұрын командадан кеткен тәжірибесі мол Вадим Панин қайтып оралды. Сонымен қатар, «Төменгі Новгород» командасының көшбасшылары ресейлік Иван Стребков пен Петр Губанов болып саналады.

Турнирлық кесте:

«Төменгі Новгород» баскетбол клубы ВТБ Лигасының турнирлық кестесінде тоғызыншы орынды алып тұр. Оның нәтижелері:2 жеңіс,6 жеңіліс. «Астана» баскетболшылары 12 орында, 2 жеңіс пен 8 жеңіліс нәтижесімен тұр.

«Астана» БК бас бапкері:

«Төменгі Новгородтың» европалық турнирлардағы нәтижесі олардың жоғарғы әлеуетін көрсетеді.  Командада жақсы «үлкен» ойыншылар бар. Бізге осы ойынды жақсы аяқтау үшін, қорғаныстағы жақсы энергетикалық деңгейді сақтап отыру керек, сондай-ақ шабуылда ұйымдасып жұмыс жасау қажет.

Қайда?Қашан?Нешеде?

Арена: Республикалық «Сарыарқа» велотрегі

Уақыты: Астана уақыты бойынша 15.00

Трансляция:ВТБ Біріккен Лига сайты, «Астана» БК сайты,  «QazSport» телеарнасы

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: