«Астана» 2014 жылғы Қазақстан кубогын жеңіп алды

03.03.2014

Кеше Қазақстан астанасында баскетболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында ҚР Кубогы аяқталды. Бұл туралы «Астана» баскетбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Бес күнге созылатын белдесулер мықтыны анықтайды. Қазақстан кубогына қатысушы алты команданың арасында орындар келесідей бөлінді.

Қола жүлде үшін Ақтау мен Атыраудың екі батыс клубы таласты. Бұл басты баскетбол триллері болды: екі команда да екіншісіне жеңілуді қаламады. Матчтың нәтижесі соңғы минуттарда ғана 87:72 есебімен атыраулық «Барсы» командасының пайдасына шешілді.

Бірінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстанның қазіргі чемпионы Қапшағай командасымен кездесті. Матч өте қызықты өтті. Кездесуде Қапшағайлықтар есеп ашты. Дмитрий Коровниковтың ойыншылары алғашқы минуттардан-ақ астаналықтарға күш салды. Бірақ «Астана» еліміздің ең мықтысы атағын бермей, кездесуді абыроймен аяқтады. Матчтың қорытынды есебі 88:76 астаналықтардың пайдасына.

Жеңіс тұғырындағы орындар былайша бөлінді: кубоктың қола жүлделерін атыраулық баскетболшылар иеленді, күміс медальдар Қапшағай қаласына және алтын медальдар, ал Ел кубогы Қазақстан астанасында қалды.

www.bcastana.kz


Бөлісу: