"Астана" «Каспийден» ойын сериясын ұтты

29.01.2018

Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатында кезекті ойындардың екі күндік сериясы аяқталды. Елордалық «Астана» командасы Ақтау қаласының «Каспий» командасын қабылдады.

Командалардың бірінші кездесуі, алаң иелерінің пайдасына, 85:69 есебімен аяқталды. Екінші матчта «Астана» басым болды - 103: 53.

«Астана» БК бас бапкері Михаил Карпенко берген түсініктеме:
-Бірінші ойын, өкінішке қарай, біз ойлағандай өтпеді. Біз қорғаныста қажет мөлшерде агрессивті болмадық, ойынға арналған жоспарды елемедік және қорғанысқа байланысты бірнеше мәселелерге тап болдық. Екінші ойынға түзетулер енгізуге,ойыншылармен әңгімелесуге, оларды толық берілумен ойнауға ұмтылуға мәжбүр болдық. Бүгін біз ойынның алғашқы минуттарынан өз артықшылықтарымызды дәлелдеп, бірінші тоқсанда 20 ұпай алдық.Ең бастысы, барлығы агрессивті қорғанды және алаңға жанып тұрған көздерімен шықты.

«Астана» келесі матчттарын өз алаңында өткізеді. 29 және 30 қаңтар, сонымен қоса 1 және 2 ақпан елордалық баскетболшылар Қазақстан Чемпионатының Ұлттық лигасы аясында, өз алаңында «Қапшағай» баскетбол клубын қабылдайды. 

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: