«Астана» Қазақстан чемпионатының финалына шықты

23.04.2017

Бүгін баскеболдан Қазақстан чемпионаты «Төрттік финалының» жартылай финал ойындары өтті. Бірінші жұп «Атырау барыстары»- «Каспий» финалға шығу үшін шайқасты. Драмалық жекпе-жекте 86:82 есебімен атыраулықтар жеңісті қолға алды.

Астаналық баскетболшылар «А» дивизионы Жоғарғы лигасының чемпионы қостанайлық «Тобол» командасымен ойнады. Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң қожайындары есепте үлкен серпіліс жасап және де оны матчтың соңына дейін сақтап қалды. Кездесу «Астананың» пайдасына 99:70 есебімен аяқталды.

Матчтың статистикасы: Пономарев Антон — 17 ұпай, Рустам Ергали — 16 ұпай, Мурзагалиев Рустам жәнеЙан Миллер 14 ұпайдан.

Осылай, бүрсігүні, «Каспий» — «Тобол» жұбы қолаға, ал «Астана» — «Атырау барыстары» жұбы алтынға жарысады.

www.pbcastana.kz

Бөлісу: