ЭКСПО 2017 аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің Астана халықаралық жеңіл атлетика марафоны

23.08.2017

2017 жылғы 27 тамызда Астана қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (бұдан әрі – ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының саммиті аясында, сондай-ақ Форумның құрылғанына 25 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары» халықаралық мамандандырылған ЭКСПО 2017 кезінде Астана жеңіл атлетика марафоны ШЫҰ және АӨСШК 2017 өтеді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15 жылдығына арналған бірінші марафон 2016 жылы Куньмин қаласында (ҚХР) өткен болатын. Оған ШЫҰ-ға мүше елдерден, сондай-ақ Эфиопия, Кения, Америка Құрама Штаттары, Канада, Германия, Франция, Ұлыбритания, Таиланд, Уганда және Сенегалдан 15,6 мың адам қатысты.

Марафонды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы және Юньнань Шанхай мәдениет және спорт компаниясы.

Дереккөз: www.expo2017culture.kz

Бөлісу: