«Астана» баскетболшылары Қазақстан чемпиондары атанды

23.04.2017

Vesti.kz тілшісінің хабарлауынша, Президент клубының құрамына кіретін «Астана» ПБК Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.

Баскетбол Ұлттық лигасының финалында астаналық команда өткен жылғы чемпиондары «Атырау барыстарын» сенімді 94:78 (20:18, 47:35, 69:56, 94:78) есебімен ұтып кетті. 25 ұпай жинаған «Астана» командасының легионеры Роберт Лаури матчтың ең үздік ойыншысы болып танылды. Астаналық клубтың құрамындағы қазақстандықтардан ең нәтижелі болған Дмитрий Гаврилов - 18 ұпай.

Ұлттық лигасының осы маусымы «Қазақстандағы баскетболдың 90-жылдығы» эгидасымен өткізілгендігін айта кетейік. Осыған байланысты, елімізде осы спорт түрін дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткерлер арнайы мерейтойлық медальдармен марапатталды. Олардың ішінде –«Астананың» бас менеджері, олимпиадалық чемпион Валерий Тихоненко.

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК «Астана» Президенттік баскетбол клубын жеңіспен құттықтайды және сәттілік тілейді!


Бөлісу: