Орталықтың жаңа басшысы тағайындалды

12.04.2019

Бүгін ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жұманғалиұлы Сәпиев орталық ұжымына «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалған Бекболат Құстүтінұлы Байжановты таныстырды.

Байжанов Бекболат Құстүтінұлы 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін дене тәрбиесі мәдениетінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатының әдіскері ретінде бастаған. Степногорск қаласының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2016-2018 жылдары Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметін атқарды. 

2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 

Бөлісу: