«Астана» БК - «Орадеа» БК

05.11.2014

Бүгін, 5 қарашада,  «Астана» баскетболистері Еврочеллендж-жаңа турнирінде сынға түсті. Астана гулливерлері өз паркетінде Румыниядан  «Орадеа» қабылдады.

Старттық бестік келесі болды: Джерри Джонсон, Антон Пономарев, Джейкован Браун, Лукша Андрич және Анатолий Колесников.

Матчты «Астана» бастады. Матчтың 1 кезеңінің соңына қарай паркет қожайындары +8 ұпай жасады. Бірінші кезең 22:14 есебімен аяқталды.

Екінші кезең де бірінші кезең сияқты белсенді өтті. Паркетке матчқа мәлімденген барлық ойыншылар шықты. Ойынның бірінші жартысы 37:27 есебімен аяқталды.

Осындай артықшылықпен командалар үзіліске кетті.   Үзілістен кейін ойында ерекше өзгерістер болмады. Сондай-ақ астаналықтар да басым болды. Паша Ильиннің әсем блок-шоты және Анатолий Колесниковтың данктары «Астана» БК жанкүйерлерін қуантты. Кездесу «Астана» пайдасына  80:64 есебімен аяқталды.

Ең нәтижелі ойыншылар: Джейкован Браун -15 ұпай, Джерри Джонсон -13 ұпай, Лукша Андрич -12 ұпай, Патрик Калатес -11 ұпац, Анатолий Колесников - 10.

 «Астана» БК бас бапкері Александр Трифунович:

- Біздің  Еврочеллендждегі дебютымызға қуаныштымын, бірақ біздің ойынымызға разы емеспін! Орадеаға біздің паркетте тым жақсы ойнауға мүмкіндік бердік деп санаймыз! Барлығын ескеріп,  Еврочеллендж  шеңберіндегі келесі ойындарға дайындалуды жалғастырамыз.

 «Орадеа» БК бас бапкері Кристьян Ашим түсіндірмесі:

- Менің ойымша ойын көрермендер үшін қызықты болды! Біз мұндай нәтижені күттік, өйткені біздің басты ойыншыларымыз алған зақымдарына байланысты  қатыспады. Біздің қорғаушымыз Даниэль Попесканы, ал қожайындардың Лукша Андричті атап өтеміз. Бізге Астанада ойнау өте ұнады, қожайындарға әрбір ойында толық зал тілейміз!

Біздің баскетболистерді Еврочеллендждегі бірінші жеңіспен құттықтаймыз! Келесі ойын ВТБ Лигасы турнирі шеңберінде 8 қарашада сағ. 20.00-де «Калев» БК-мен (Таллин, Эстония)  өтеді.  Кезеңдер арасында Азия паралимпиадалық ойындар жүлдегерлеріне құрмет көрсету өтті, сондай-ақ оларға естелік сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ кезеңдер арасында конкурс өтті, 2 қонақ ретінде келуге World Class сертификаты ойнатылды.  Сертификатқа Айгерім атты қыз ие болды Жеңімпазға сертификатты World Class  өкілдері берді. Жеңімпазды ұтысымен құттықтаймыз!

www.bcastana.kz

Бөлісу: