«АСТАНА» БК ҮЙДЕГІ ОЙЫНДА «ОКАПИ АЛСТАР» БК-ЫН ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

25.02.2015
Бүгін, Еурочеллендж додасы аясында «Астана» үйдегі ойында бельгиялық «Окапи Алстарды» 77:73 есебімен жеңіп шықты.

Бастаушы бестік: Джерри Джонсон, Никлас Каньер-Медли, Джейкован Браун, Лукша Андрич, Патрик Калатес.

Матч есебін 3-ұпайлық доп лақтырып, Патрик Калатес ашты, одан кейін Джерри Джонсон мен Лукша Андрич да әрбіреуі 2-ұпайлық доптарды торға тигізеді. Осынға жауап ретінде «Окапи Алстар» да 2-ұпайлық доп лақтырады. Бірінші кезеңнің ортасындағы есеп 11:5 болып, «Астана» алда болады. «Окапи Алстар» баскетболшысы 3-ұпайлық доп лақтырған кезде бірінші кезеңнің аяқталуы туралы қоңырау шалынды, бірақ «Окапи Алстардың» жағдайын осы доп жақсартқан жоқ. Бірінші кезеңнен кейінгі есеп «Астана» пайдасына 20:13 болады.

Екінші кезең басында Джейкован Браун қарсылас торына тағы 2-ұпайлық доп тигізіп, «Окапи Алстар» осыған 3-ұпайлық доппен жауап береді. 7-ші минутта «Астана» тайм-аут алып, тайм-ауттан кейін Патрик Калатес 3-ұпайлық допты лақтырады. Екінші кезеңнің ортасындағы есеп 29:24. Алайда, екінші кезеңнің соңына дейін «Астана» артықшылыққа ие болып, үлкен үзіліс басталған кезде айырмашылық 42:34 құрады.

Демалғаннан кейін «Окапи Алстар» баскетболшылары үшінші кезеңді агрессиялы түрде бастайды. Алайда, «Астана» да оларға дем бермей, өз торын жанкешті қорғайды. Үшінші кезең ортасында «Астана» 14 ұпай алда болады. Үшінші кезеңнің соңына дейін «Окапи Алстар» қажетті ұпайлар санын жинап, есеп 60:50 болады.

Төртінші кезеңді «Астана» жақсы бастап еді, «Окапи Алстар» бүкіл кезең бойы есепті теңестіруге тырысып, төртінші кезең соңында айырмашылық 71:69 болады. Екі команда да алған тайм-ауттардан кейін жағдай өзгермей, есеп «Астана» пайдасына 77:73 болып қалады.

«Астананың» үздіктері: Никлас Каньер-Медли - 21 ұпай, Джейкован Браун - 16 ұпай, Патрик Калатес - 12 ұпай, Лукша Андрич және Рашид Махалбашич – әрбіреуі 10 ұпайдан және Джерри Джонсон - 5 ұпай.

Біздің команданы жеңіспен құттықтаймыз!

«Астананың» келесі матчы ҚР Ұлттық Лигасы аясында ертең үйдегі алаңда «Қапшағай» БК-ны қарсы өтеді.

www.bcastana.kz

Бөлісу: