«АСТАНА» БК ТРУФИГІ ТӨРТІНШІ РЕТ ЖЕҢІП АЛДЫ!

13.04.2015

10 сәуірде Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде баскетболдан 2014/2015 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық ойындары өтіп, оның қорытындысы бойынша ел чемпионатының ең мықты баскетбол командасы анықталды. Биылғы маусымда бұл кубокты қатарынан 4-ші рет жеңіп алған Астана болды! Күміс медальді алматылық легион жеңіп алса, үшінші орынды «Каспий» иеленді.

Бас жүлдеден басқа, біздің команданың ойыншылары келесі номинациялар бойынша танылды: Джерри Джонсон «Үздік ұпай қорғаушысы» және Рашид Махалбасич «Үздік орталық».

Алматылық легион командасы арасындағы финалдық кездесу 81:56 (26:21, 23:9, 24:13, 8:13) есебімен аяқталды. Жеңімпаз командадағы ең нәтижелі ойыншы 18 ұпай жинаған Джерри Джонсон болды.

Бастапқы ысқырықтан кейін бір минуттың ішінде қарсыластың дәл добынан есеп ашылды. Бірақ қорғаныстан шабуылға жылдам көшкен біздің жігіттер қонақтарға бірден жауап қайтарды. Жоғары қарқынмен таразы басы үнемі өзгеріп тұрды – бірінші ширек үзілісте 26:21.

Екінші ширекте Рамунас Бутаутастың шәкірттері прессті жалғастырды. «Астананың» ойындағы басымдығы ешқандай сұрақ тудырмады, кейінірек, екінші ширекте «Астана» өз басымдылығын арттырды. Командалар үзіліске 49:30 есебімен шықты.

Алаң иелері үшінші ширекте басымдық танытты. Соңғы үзіліске дейін «Астанада» «+30» –73:43 болды.

Матчтың тағдыры алдын ала белгіленіп, соңғы ширекте «Астана» қарсыласына есеп айырмасын сәл қысқартуға мүмкіндік берді. Матчтың нәтижесі 81:56.

Астананың үздіктері:

Джерри Джонсон – 18 ұпай;

Анатолий Колесников, Антон Пономарев, Рашид Махалбасич – 12 ұпай;

Лукса Андрич – 9 ұпай;

www.bcastana.kz


Бөлісу: