Әлем чемпионатында қола медаль

17.08.2018

Бір жыл бойы спортшылардымыз Әлем чемпионатына дайындық жүргізді. Нәтижесінде 16 тамыз күні біздің спортшыларымыз Швейцария еліндегі Әлем чемпионатында өнер көрсетіп, жүлделі орынды иеленді.

Болашағынан зор үміт күттіретін тәрбиеленушілердің бірі Андрей Чугай өте жақсы нәтиже көрсетіп, қола медальға қол жеткізді. Андрейден бөлек жүлделі тұғырға Чехиядан Jakup Stastny мен Үндістаннан Esow Esow велошабандоздары көтерілді. Сондай-ақ, ең үздік алтылыққа Франция, Германия, Австрия мемлекетінің спортшылары енді.

Қазіргі таңда өз ісінің білікті де тәжірибелі маманы Иван Сиваш Андрейдің бапкері болып табылады.

Ендеше бапкерлер құрамы мен спортшыларды жемісті жеңісімен құттықтаймыз!

Естеріңізге салсақ, жасөспірімдер арасындағы тректен Әлем чемпионаты 19 тамызға дейін жалғасады.

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: