Стенд ату бойынша Әлем Кубоктың қола медалі орталық спортшыларында

15.03.2022

08-19 наурыз аралығында Кипрдің Никосия қаласында стенд ату спортынан Әлем Кубогы өтуде. Әлем Кубогына 12 спортшы және 4 жаттықтырушы қатысуда. Аталмыш шарада бүгінгі күнге спортшы қыздарымыз (Рысбекова Сәрсенкүл, Досмагамбетова Айжан, Дмитриенко Мария) командалық трап жарысында қола жүлдеге ие болды. Аруларымызды құттықтай отырып, спортшыларымызға жарысты сәтті аяқтауларын тілейміз!

Бөлісу: