"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында республикалық семинар-кеңес

11.07.2019

11 шілдеде Республиканың спорт ұйымдарының мамандарына арналған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл іс-шара спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде өтті.

Семинар жұмысына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің және Нұр-Сұлтан қаласының мамандары қатысты.

Семинар барысында қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру, ұйымдардағы алдын алу жұмыстары, сондай-ақ құқықтық мәдениетті көтеріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Іс-шара барысында Сабирбаев Данияр, Мыхыбаев Абзал, Исақұл Алан, Кабылдин Айбек сөз сөйледі.

Бөлісу: