Шорт-трек бойынша Қазақстан Чемпионаты 31 наурызға дейін созылады.

28.03.2018

Шорт-трекерлерде маусымның соңғы басталуы.

Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген спортшылар ерлер мен әйелдер арасында өткен ұлттық біріншілікке қатысады. Бүгін портшылар 1500 метр қашықтықта өз күштерін сынады.Ерлер арасында Абзал Әжғалиев чемпион атанды.Екінші нәтижені Денис Никиша, үшінші нәтижені Мерсаид Жақсыбаев көрсетті. Әйелдер арасында Ким Чен А жеңімпаз атанды, Ольга Тихонова екінші, Анита Нагай үшінші орын алды. Байқау 31 наурызға дейін жалғасады.

ҚР  шорт-трек бойынша құрамасының бас бапкері Миджали Карсыбеков:

- Ерлер мен әйелдер командалары олимпиадаға дайындалуына байланысты шет елдерде болды, сондықтан олар қазақстандық жарыстарға аз үлес қосты. Сондықтан, біз Қазақстан чемпионатын маусымның соңына ауыстырдық. Өйткені, сол кезде әлем чемпионаттары өз мәресіне жетеді. Қазақстан Чемпионаты арқылы біз Қазақстан бойынша командалардың рейтингін анықтап, келесі кезеңге ұлттық команданы таңдаймыз. Және солардың рейтингтеріне байланысты жарыстар құрастырамыз.

Ақпарат көзі:www.24kz

Бөлісу: