Шосседегі велоспорттан Йоркширдегі Әлем чемпионаты

27.09.2019

22 қыркүйек күні Йоркшир графтігінде шосседегі велосипед спортынан Әлем чемпионаты басталды. Орталық шабандоздары топтық және жекелей сындарда бақтарын сынап жатыр.

24 қыркүйек күні  жеке стартты жарыс бойынша юниорлар мен юниор қыздар сынға түсті. Күн қорытындысы бойынша,  Ульяна Сухоребрик 13 шақырым қашықтықты 23 минут 54,62 секундта бағындырып, 27-орынға жайғасты. Диана Буканов 25 минут 17,03 секунд нәтижесімен 44-орынға ие болды.

Қазақстандық велошабандоздар арасындағы үздік нәтиже 35-орынға ие болған (41:37:20) Дмитрий Носковтың қоржынында. Попугаев Максим қашықтықты 41 минут 56,66 секундта бағындырып, 38-орын алды. Винокуров Николя 50-орынға жайғасты (42:59:45).

Спортшыларымызды құттықтаймыз!

Бөлісу: