Велоспорт бойынша чемпионат

11.09.2014

2014 жылғы 11 қыркүйекте «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Олимпиада түрлері және жеке жарыста (ерлер, әйелдер) чемпионатының соңғы күні  және қарқынды ойындарда ҚРЧ (1998 – 2000 ж.т. жастар, қыздар) және Топтық жарыстарды Республикалық жарыс (2001 және 2002 ж.т. ұл балалар) өтті.

Велосипед спортының Қазақстандық федерациясы және «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК Велоспорт бойынша Чемпионаттың соңғы күні құрметіне бірлесіп МегаСпорт дүкендері желісінен 3 кәсіби велосипедтерді және көптеген басқа сыйлықтардың ұтыс ойынымен ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды.

Ойын-сауық бағдарламасының жүргізушісі Ғалым Исмағұлов Чемпионат көрермендерімен интерактив өткізді, онда әрбір қатысушы сыйлықтарға ие болды.

Біздің қаламыздың жас ұрпағы – оқушылар, жас мамандар, спортшылар және жай велоспорт әуесқойлары спорттың әйгілі түрлерінің біріне қатысуға мүмкіндік алады. Іс-шараны «Жас Ұлан» ҚБ, Астана қаласы оқушылары мен Ақкөл қ. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері қолдады.

 «Біздің Сіздерге келуіміз бірінші рет емес және біздің тәрбиленушілеріміздің бос уақытын ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Балаларға ықылыс көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен ризашылық білдіреміз. Сіздердің көмектеріңіз – тек қана материалдық қолдау емес, бұл біздің балаларғ аөте қажет сіздердің ілтипатыңыз және  қамқорлығыңыз»- деп Ақкөл қ. №1 балалар үйінің тәрбиешісі Сергей Николаевич өз эмоцияларымен бөлісті.

Бұл «Сарыарқа» республикалық велотрегінің  Велосипед спортының Қазақстандық федерациясымен бірлесіп өткізіп отырған бірінші іс-шарасы емес. Өткізілудегі іс-шаралар мақсаты: велосипед спортын жас ұрпақ арасында дәріптеу, қала халқы үшін спорт инфрақұрылымына қолжетімділік.

Чемпионаттағы фотосуреттер

 «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: