Тректегі "Астана кубогі" велосипед спорты сайысы

07.02.2018

Республикалық «Сарыарқа» велотрегінде ақпан айының 7-сі күні велосипед спортынан тректегі "Астана кубогі" сайысы өтті.

"Астана кубогі" бағдарламасында тректік 3 пәндері қаралған: омниум, спринт және кейрин.
Омниумда Никита Панасенко ең жақсы «Track Team Astana» жарысушысы болды. Естеріңізге салсақ, 2 алтын медальді 26 жастағы велошабандоз былтырғы Әлем чемпионатында ие болған еді.

2-ші орынды «Track Team Astana» командасының жарысушысы Роман Василенков алды. Сұлтанмұрат Миралиев 3-ші орында. Бұл Миралиев үшін, Ашхабадтағы V Азиа ойындарында алған зақымнан кейінгі бірінші сайысы, ол омниумда жүлделі орынға күресу кезінде жайсыз құлап бұғана сүйегін сындырған еді.

Спринтте жоғары сынамалы алтын медалімен    Павел Воржев марапатталды. Оған осы жеңіске жетуге, 2-ші және 3-ші орындарын алған Максим Налетовпен Кирилл Рудержол берді.

Павел Воржев кейрин жарысында тағы да 2-ші орында  жеңіске жетті, ал  Сергей Пономарев 3-ші орынды алды.

Ақпарат көзі:  kcf.kz

Бөлісу: