Тректегі велоспорттан жарыстар

22.01.2018

20 және 21 қаңтарда «Сарыарқа» велотрегінде «Velo life» трегіндегі велосипед спортының жаңкүйерлері арасында, «Велосипедтік спорттан олимпиадалық дайындық орталығы» РМҚК-ның сыйлықтарына  алғашқы жарыс өткізілді.

Велосипедтік спорт жанкүйерлері арасында «Velo life» жарысын өткізудің мақсаты салауатты өмір салтына шақыру, велоспортты жанкүйерлер мен ардагердер арасында популяризациялау, сонымен қатар тректегі велосипед спортының мықты жанкүйерлерін анықтау болып табылады.

Жарысқа 50-ден аса, 18-60 жас аралығындағы әйелдер мен ерлер, қауымы қатысты. Бұл жарысқа Қазақстан мен Ресейдің көптеген қалаларынан қатысушылар келді. Жарыс екі күнге созылды. Бірінші күні 3 км-ге жеке бәйгеден, ал екінші күні 1000-500 метрдегі Гитен жеке бәйге өткізілді.

Велосипед спортының жанкүйерлері біздің демеушілеріміздің сыйлық ұтыстарына қатыса алды. Біздің демеушілеріміз: «Аксиома» ТК және «Winner» спорт магазині. Басты сыйлық,10 күнге Египетке жолдаманы(бәрі қосылған, екі адамға)  «15» нөмірдің қатысушысы, Астана қаласының тұрғыны Сергей Степанов ұтып алды.

Шараның қонақтары: «Winner» дүкенінің өкілі-Муравьев Дмитрий Сергеевич, «Аксиома» бренді, «Prime Development Сompany» ЖШС директоры-Смағұлов Серік Сайлаубекович, велоспорт Федерациясының бас хатшысы-Мансуров Тұлпар Каирович.

Сіздердің назарлаңызға жарыстың жүлдегерлері ұсынылады:
 - Жеке ГИТ бәйгесі – осы жылдың 20 қаңтары:

әйелдер:

1.Жагупарова Айгерім;
2.Ақажан Ақжан;
3.Теміргалиева Дина.
ер адамдар 50-59 жас:
1.Зырянов Владимир;
2.Копальнюк Владимир;
3. Клеванов Сергей.
ер адамдар 40-49 жас:
1.Лисин Евгений;
2.Герлиц Валерий;
3.Лузанов Сергей.

Ер адамдар 30- 39 жас:
1.Муравьев Дмитрий;
2.Кошкимбаев Сулейман;
3.Карасартов Азамат.

Ер адамдар 18-29 жас:
1.Ниязов Султан;
2.Аканов Тыныс;
3.Карасев Андрей.
- Жеке Гит бәйгесі (1000-500м)
әйелдер:

1Жагупарова Айгерім;
2.Теміргалиева Дина;
3.Муканова Асия.

Ер адамдар 50-59 жас:
1.Зырянов Владимир;
2.Копальнюк Виталий;
3.Карасев Александр.

Ер адамдар 40-49 жас:
1. Герлиц Валерий;
2.Лисин Евгений; 
3.Крупяков Геннадий. 

Ер адамдар 30-39 жас:
1.Муравьев Дмитрий;
2.Кошкимбаев Сулеймен; 
3.Дмитриев Валерий. 

Ер адамдар  18-29 жас:
1.Кенеев Алмас;
2.Сиваш Иван;
3.Ниязов Султан.

Велосипедтік спорттан олимпиадалық дайындық орталығының басқармасы,Мукашев Бауыржан Омирсериковичтың атынан демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді! Барлық жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтайды!


Бөлісу: